Жұма, 22 қараша, 03:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

42 жастағы қала тұрғынын құтқарды

08.01.2021

1282 0

Полиция қызметкерлері өрт оқиғасының алдын алды. 07 қаңтар күні кешкі сағат 19:52 шамасында  Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне Тасбөгет кентінің шет аймағындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққандығы туралы хабарлама түсті.        

Полиция қызметкерлері жедел қызметтерге  хабарласып, оқиға орнына жетіп, олардың келуін күтпестен іске кіріседі.  

Полицейлер оқиға орнына жеткенде тілсіз жау күш алып, үйдің іші қою түтін басқан. Қою түтін арасынан жол тапқан полицейлер мен көршілер үй ішін тексеріп,  бөлмелердің бірінен ер адамның жатқанын көреді.  Олар түтіннен уланған азаматты сыртқа шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырады.  Құтқарылған азаматтың өміріне   еш қауіп төніп тұрған жоқ .

«Бірі қалмай сыртқа шығарылғанына көзіміз жеткенше үйге кіріп,  түтінге  оранған бөлмелерді қайта – қайта тексердік», – дейді полиция қызметкерлері.

Өртті ауыздықтау барысында үйде газ баллондары бар екендігі белгілі болды. Полицейлер дереу электр құрылғыларын толығымен өшіріп, 4 газ баллонын  сыртқа шығарды.  

Осылайша, полицейлердің батыл шешімі адам шығынының алдын алды. Құтқарушылардың келуін күтпей-ақ басын қатерге тіккен Қызылорда қалалық Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары полиция капитаны Қайрат Утембетов,  полиция аға лейтенанты  Нұржан Маханбетжанов және патрульдік полиция қызметкері  полиция аға лейтенанты Әскербек  Джанабергенов  нағыз азаматтықтың үлгісін көрсетті.

 «Қандай жағдай болмасын бірінші кезекте халыққа көмектесу міндетіміз. Бұл әрекетімізді ерлік немесе батырлық деп санамаймыз. Менің орнымдағы  әрбір полиция қызметкері болса солай жасар еді. Бастысы адамның өмірін арашалап қалдық» дейді учаскелік полиция инспекторы  Қайрат Утембетов.

          Қазіргі таңда мамандар өрттің шығу себебін анықтауда.

Антына адалдық танытқан қайсар полицейлер марапатқа ұсынылады.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: