Сенбі, 23 қараша, 14:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

«Автобус» жедел-профилактикалық шарасында жол қозғалысы ережесін бұзудың 111 дерегі анықталды

22.01.2021

1339 0

Қызылорда облысы көлемінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың қаңтар айының 20-22 күндері аралығында «Автобус» жедел-профилактикалық іс – шарасы өтуде. Шараның 1 күнінде жол қозғалысы ережесін бұзудың  111 дерегі анықталды.

        Оның ішінде, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзудың 7 дерегі, Қазақстан Республикасында автомобильмен тасымалдаудың рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидасын бұзудың 2 дерегі, заңсыз қайта жабдықтау – 8 дерек, рейс алдындағы қарап тексеруден өтпеген – 5, ұялы телефон пайдаланған 19 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар, белгіленген жылдамдықты асырған 3 жүргізуші,  маневр жасау ережесін бұзған –16, ҚР-ның міндетті сақтандыру заңнамасын бұзған 6 жүргізуші анықталып, хаттамалар толтырылды.

       Мысалы, Жаңақорған кентінің 1975 жылы туған тұрғыны спирт ішімдігін ішіп мас күйінде өзіне тиесілі «Mercedes Benz» маркалы автокөлігін басқарып, бір бағытта кетіп бара жатқан кенттің көшелердің бірінде «Toyota Camry» маркалы автокөлігіне соғып, жол-көлік оқиғасын жасаған.

       Тексеру барысында кінәлі жүргізуші аудандық сотының қаулысымен 3 жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Алайда, оған қарамастан бұл жүргізуші Жаңақорған кентінде жолаушылар тасымалдаумен айналысқаны анықталды.  Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабымның 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айып алаңына қойылды. Уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

       Іс – шара қаңтардың 22-не дейін жалғасады.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: