Жуырда «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласы және 7 ауданда «Үкіметтік емес ұйым мен қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» жобасы аясында көшпелі оқыту семинары өтті.
Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен өткізілген шара «Қоғамдық кеңес мүшелерінің қоғамдағы қызметі мен рөлін және тиімділігін арттыру» тақырыбында өрбіп, оған қоғамдық кеңес мүшелері, аудан ардагерлері, қоғам белсенділері қатысты.
Оқыту семинарының тренері Нұрхан Жәлиев қоғамдық бақылау саласындағы мақсаттары мен міндеттерге тоқталды. Сонымен қатар қоғамдық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу, қоғамдық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, жұмыс нәтижелері туралы есептерді тыңдау туралы өзгертілген заң аясында түсіндірме берді. Қоғамдық кеңестің құрылу тарихына да тоқталды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!