Сенбі, 20 сәуiр, 08:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда  облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары  тағайындалды

04.01.2023

698 0

     Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қожабаев Мұхтар Аманқұлұлы жеке құрамға жаңадан тағайындалған жедел қызмет жөніндегі орынбасарын   таныстырды. Министрдің бұйрығымен Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне полиция подполковнигі Ілияс Байжұманұлы Жұмағұлов тағайындалды.

   І.Жұмағұлов  Ішкі істер органдарында 20 жылдан аса қызмет етеді. Ол ҚР  ІІМ Академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын Астана қаласы ІІД «Алматы» ауданының ІІБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілінен бастаған. Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары, Астана қаласы Полиция департаментінің криминалдық іздестіру бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 2019 жылдан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Астана қаласы Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы лауазымын атқарды.

Полиция полковнигі Мұхтар Аманқұлұлы жаңа орынбасарға табысты әрі жемісті жұмыс тіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: