Жексенбі, 24 қараша, 22:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада жазасын өтеушілерге облыстық филармония әншілері концерт қойды

23.03.2023

725 0

Наурыз – қаншама ғасырлардан бері тойланып келе жатқан түркі халықтарының мерекесі. Наурыз – көктем мейрамы, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың, жаңа өмірдің басталуы. Осы айтулы күнге орай, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 37 мекемесіндегі жазасын өтеушілерге облыстық филармония әншілері концерт қойды. Мерекелік шараны мекеменің тәрбие бөлімінің бастығы әділет майоры Абдулла Уайдаев ашып, Ұлыстың ұлы мерекесімен құттықтады. Әділет майоры Абдулла Уайдаев өз сөзінде
-Наурыз мерекесі қазақ халқы үшін – өткенге салауат айтып, келер күннен береке тілеп, шығыс халықтарын бір-бірімен табыстыратын қасиетті мейрам!Тұрмыс-тіршілігіміздегі әдеп-ғұрпымыз, ұлттық құндылықтарымыз әспеттеліп, көңілімізге қуаныш ұялатып, санамызға сілкініс тудырып, рухты көтеретін көктем мерекесі құтты болсын деп жылы лебізін білдіріп, жаза басып жаңылып жазасын өтеп жатқан азаматтардың отбасыларына тезірек оралуларына тілек білдірді.
Мерекелік шара одан әрі облыстық филармония әншілерінің концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.Шарықтаған ән мен күйді тыңдап, қазақтың ұлттық тағамдары қойылған ақ дастарханнан дәм татқан сотталғандар, керемет шараны ұйымдастырған мекеме әкімшілігіне алғыстарын білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: