Жұма, 19 сәуiр, 10:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Бүгін – Қадір түні

27.04.2022

6231 0

2022 жылы  27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні. Қасиетті Қадір түні ауыз ашқан уақыттан бастап, сәресіне дейін жалғасады. Барша мұсылмандар асыға күтетін қасиетті түнде дұға етіп, Алладан кешірім тілейді. 

Мұсылман қауымы үшін ерекше орын алатын бұл түн туралы Құран Кәрімнің «Қадір сүресінде» толық жазылған. Бес аяттан тұратын сүреде Құранның Қадір түнінде жерге түсірілгені жайлы айтылады. Сонымен қатар ол мың айдан да қайырлы болып есептеледі. Алланың бұйрығымен жерге түскен Жәбірейіл періште адамдарға қызмет етеді. 

Қадір түнінде жел соқпайды. Айналада тыныштық орнап, жауын-шашын жаумайды. Бұл түні жерге түскен періштелер тастан да көп болып, олар адамдарға дұға етуге жәрдемеседі. 

Қадір түнін ұйқысыз дұға етіп, құлшылықпен өткізген жөн. Ер адамдар мешітке барып, парыз намаздары мен нәпіл, қаза намаздарын жамағатпен бірге оқығаны жөн. Ал әйел адамдарға мешітке бару міндетті емес. Сондай-ақ Қадір түнінде садақа берген абзал. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: