Бабалардың қанымен қара тасқа қашалып, ғасырлар бойғы арман-тілекті бойына сіңіріп, сағым жылдардың елесін арқалап, асыға жеткен арманымыз – Дала төсінде тербеліп тұрар Тәуелсіздік бесігі шартараптағы сағыныштарды біріктірері сөзсіз. Осы орайда, жергілікті жас кәсіпкер Нұржігіт Ниязбектің «руханият теңізіне қосқан тамшыдай үлесім болсын» деген ойы «Тәуелсіздік – маңдайдағы бағым бұл» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасына ұласып, бүгін Тәуелсіздікті ұлықтаған жыр додасының ақтық кезеңі өтті.
Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М.Ниязов ақындар мүшәйрасын ашып беріп, талапкерлерге сәттілік тіледі.
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, белгілі ақын Дүйсенбек Аяшұлы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшелері, ақын Қуат Адис пен ақын Биболат Сәтжан қазылық еткен мүшәйраның бас жүлдесі Жалағаш ауданынан келген Жасұлан Серікке бұйырып, жүлдені мүшәйраның бас демеушісі Нұржігіт Ниязбек табыстады.
1 орынды шиелілік Бекжан Ержігіт, 2 орынды жалағаштық Дидар Өмірзақ иеленсе, екі үшінші орынды қызылордалық ақындар Перизат Мұхат пен Рыскелді Жахман өзара бөлісті.
Жүлдегерлер мен қалған қатысушыларға дипломдар мен қаржылай сыйлықтар тапсырылды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!