Жұма, 26 сәуiр, 18:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

«Әр сантиметр мен секунд есептелген». Танымал мобилограф Тоқаевтың сапары туралы ерекше влог жариялады (видео)

10.11.2022

629 0

Танымал мобилограф Қыран Талапбек Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырауға жұмыс сапары туралы ерекше влог түсірді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Видео Атырау әуежайынан басталады. Онда блогер Президент бортының келгенін көрсеткен. Ол видеода хаттама туралы айтып, әр сантиметр мен секунд қаншалық дәл есептелгеніне таңғалған.

Қыран Талапбек Президентті атыраулықтар қалай күтіп алғаны, Ақорданың мобилографының жұмысы туралы айтқан.

Еске салайық, 8 қарашада Мемлекет басшысы Атырау облысына жұмыс сапарымен барған еді. Облыс жұртшылығымен кездесу барысында Тоқаев жол сапасыздығы, спортты дамыту, облыста ірі мұнай қоймасының құрылысы туралы айтып, Жайық өзенінің экологиялық жағдайы жөнінде тапсырма берген еді.

ВИДЕОВЛОГ СІЛТЕМЕСІ: https://www.instagram.com/reel/CktPudyj-Rp/?utm_source=ig_web_copy_link

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: