Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 02:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Бақытты отбасы» жобасы таныстырылды

17.12.2020

1058 0

«Nur Otan» партиясының қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлері Айна Муханбетова мен Гүлнар Жұмашева «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында іскер әйелдер мен ҮЕҰ басшылары кездесті. Басқосуда партияның сайлауалды бағдарламасы талқыланып, ондағы әлеуметтік жобалар мен бастамалар насихатталды.

Жиында көп балалы аналарға арналған мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы талқыланды. Сонымен қатар Чернобыль, Ауған соғысы және Семей полигоны зардабынан қаза тапқан азаматтардың жесірлеріне медициналық көмек көрсету мәселесі де көтерілді.

Үміткер Гүлнар Хамзақызы сайлауалды бағдарламадағы «Бақытты отбасы» жобасының ерекшелігі мен алға қойған міндетін кеңінен тарқатты.

– «Nur Otan» партиясы қоғамда тең мүмкіндіктер орнауын және азаматтардың тең құқылы болуын басты назарға алып келеді. Алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі адамдарға кедергісіз орта құру үшін ерекше көңіл бөлінетін болады. Әсіресе, «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары қазақ қоғамын жаңа деңгейге шығаратын бастамалар деп айтуға болады. Аталған жобалар көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымдарын белсенді етуге бағытталған. Бір мысал, келер жылы мүгедек жандардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, көмекші компенсатор құралдары мен әлеуметтік қызметтерді өз бетінше алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізу жоспарлануда. Сондай-ақ, мектептерде 100% инклюзивті білім беруге жағдай жасалады, – деді ол.

Басқосу соңында қатысушылар сұрақ-жауап алмасып, жеке сауалдарын қоюға мүмкіндік алды.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы Қызылорда қаласының Сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: