Сенбі, 20 сәуiр, 03:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Әлия Юсупова Қазақстан гимнастика федерациясының басшысы атанды

10.02.2021

8911 0

Қазақстандық гимнаст Әлия Юсупова Қазақстан гимнастика федерациясының басшысы болып сайланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайлау федерацияның есеп беру-сайлау конференциясы кезінде өтті.

«Бұл мен үшін және көптеген адам үшін күтпеген жағдай болды деп ойлаймын. Мен үшін бұл тағайындау – жаңа міндет, жұмыстағы жаңа кезең, ол қазір істеп жатқанымнан да қызық болады. Ақтоты Рахметоллақызы бастаған Мәдениет және спорт министрлігіне, сондай-ақ он жыл бойы атқарған жұмысы үшін Үміт Болатханқызына алғыс айтамын.

Сондай-ақ, мен бас бапкер ретінде қызметімді жалғастырамын, өйткені менің жаңа тағайындауым – қоғамдық лауазым. Мен екеуін бірге алып жүре аламын. Бәрінікіндей менің де мақсатым біреу – спортты дамыту және елге нәтиже беру. Басында оңай болмайтынын түсінемін, бірақ менің тәжірибем, білімім мен күш-жігерім, сондай-ақ федерация мүшелерімен бірлесіп атқаратын жұмысымыз көптеген міндетті барынша шешеді. Біз бірге федерацияға кіретін әрбір спорт түрін дамыту және танымал ету үшін жұмыс істейміз», – деді Юсупова.

Оған дейін бұл қызметті Үміт Шаяхметова атқарған еді.

Әлия Юсупова 1984 жылы 15 мамырда Шымкент қаласында дүниеге келген. Афинада (2004) және Бейжіңде (2008) жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы. 2000-2009 жылдары Қазақстанның абсолют чемпионы болған. Азияның бірнеше дүркін чемпионы. 2006 жылы Дохада өткен Азия ойындарының жеңімпазы және 2002 жылы Пусанда өткен Азия ойындарының вице-чемпионы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: