Дүйсенбі, 06 мамыр, 16:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Алып Алмат Жұманов әлемдік аренаға шығады

19.12.2022

1419 0

Қазақтың танымал қайраткері, қазақ титаны Алмат Жұманов америкалық танымал Bare Knuckle Fighting Championship промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасады, деп хабарлайды Dauletten.kz ақпараттық сайты.

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

А.Жұманов өз жазбасында әйгілі Bare Knuckle Fighting Championship промоушенімен келісімге қол қойылғанын атап өтті.

Белгілі болғандай, америкалық промоутер Дэвид Фельдман қазақстандық титанның бұған дейінгі жетістіктерін: вагон, пойыз, ұшақ сүйреп, түйе арқалап орнатқан рекордтарын бақылап келген.

Оның айтуынша, қазақстандық спортшылар бұл танымал промоушенмен бұрын келісімшартқа отырмаған.

«Bare Knuckle Fighting Championship турнирінің негізін қалаушы Дэвид Фельдман маған бір жылдық келісімшарт ұсынды. Яғни, жылына төрт мәрте жекпе-жек өткізуге мүмкіндік алдым. Мен жұдырықтасу спортына қатысамын. Басты мақсатым – Америкада Қазақстан туын желбірету. Құдай қаласа, арманым орындалады», – дейді А.Жұманов.

Ол жақсы дайындалып, үздік нәтижеге қол жеткізуді жоспарлап отырғанын да жеткізді. Қазақ титаны жанкүйерлеріне қолдау көрсеткені үшін алғысын жеткізді.

Биыл жазда «Қазақ титаны» «Иран Халкын» нокаутқа түсірді. Олар бокс ережесі бойынша әрқайсысы екі минуттан төрт раундтық форматта жұдырықтасты.

Бұл тартыста «Қазақ титаны» қарсыласын бірінші раундта-ақ техникалық нокаутқа түсірген.

Бұрын хабарланғандай, «Қазақ титаны» гір тасын көтеру арқылы танымал болды: сәуір айында АН-72 ұшағын орнынан жылжытып, Гиннестің рекордтар кітабына енді.

«Ирандық Халк» болса, ауыр атлетика және бодибилдингте рекордтарымен ерекше танымал болды.

Спортшының бойы – 188 см, ал салмағы шамамен 177 кг.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: