Жұма, 29 наурыз, 12:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Паралимпиада: Қазақстандық жүзу шебері Нұрдәулет Жұмағали қола жүлдегер атанды

01.09.2021

1332 0

Токиода өтіп жатқан Паралимпиадада қазақстандық Нұрдәулет Жұмағали жүзуден қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Ерлер арасында жүзуден 100 м брасс әдісімен S13 санатында өткен финалда Н.Жұмағалимен бірге тағы бір қазақстандық Нұрали Советқанов жарыс жолына шықты.

Бәсеке қорытындысында Нұрдәулет 1:05.20 нәтижесімен мәрені үшінші болып қиды.

Әлемдік рекорд жасаған германиялық Тализо Энгель (1:02.97) чемпион атанса, америкалық Дэвид Абрахамс (1:04.38) күміс жүлдеге ие болды.

Нұрали сегізінші болып келді (1:10.99). Осылайша Қазақстан қоржынына бесінші медаль түсті.

Бұдан бұрын Давид Дегтярев пауэрлифтингтен алтын алса, Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина парадзюдодан күміс жүлдеге ие болған еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: