Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 18:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қостанайдан сүйінші хабар

07.12.2020

1286 0

Қостанай қаласында грепплинг және грепплинг гиден ересек ерлер мен әйелдер арасында өткен ҚР чемпионатында қызылордалық спортшылар жоғары дәрежеде өнер көрсетті.

Қаламыздағы Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт клубының спортшылары ел біріншілігінде 4 алтын, 1 күміс, 9 қола медалді иеленіп, жалпы командалық есепте 17 құраманың арасында  3 орынға жайғасты.

Әлем мықтыларымен түрлі додаларда шеберлік сынасып, тегеурінді текетіресіп, ел мерейін асырып жүрген Ғани Әділсерік Қазақстан чемпионатында қарсыластарына дес бермей, шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеп, тұғыр биігіне көтерілді. Ал әйелдер арасында боз кілемге шыққан жерлесіміз Руза Дуктурбаева грепплингтің екі түрінен де жеңімпаз атанып, қос алтынмен қоржынымызды молайтса, өз салмағында шеберлігімен дараланған Арайлым Ханзада да алтын медальді иеленді. Осылайша Бақыт Ташимов жаттықтыратын бұрымдылар 3 алтын медальды қоржынға салып, Қазақстан Чемпионы атанды.

Жарыстағы жалғыз күміс жүлдені ерлер арасында сынға түскен Данияр Абубакиров қанжығаласа, 9 жерлесіміз біріншіліктің қола жүлдегері болды. Айта кетейік, Сыр спортшыларын шыңдап, ел чемпионатына дайындаған білікті бапкер, грепплингтен облыстың аға жаттықтырушысы Арман Маделханов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: