Бейсенбі, 02 мамыр, 08:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Сыр елі гандболшы қыздары 12 дүркін Қазақстан Чемпионы атанды!

24.12.2022

1145 0

Бүгін «Евразия» спорт кешенінде Гандболдан әйелдер командасы арасында ҚР чемпионатының Плей офф, яғни супер лига кезеңі аяқталды.

19 желтоқсанда басталып, 5 күнге созылған тартысты жарыста еліміздің ең мықты командалары өзара бәсекелесті.

Нәтижесінде:
Қызылордалық «Қайсар» командасы жүлделі 1-орын🥇
Шырайлы Шымкент қаласынан келген «Шымкент» командасы 2-орын🥈
Және Алтайдан келген аруларымыз, Шығыс Қазақстанның «Алтай» командасы 3-орын🥉иеленді.

Сондай ақ, бірқатар жаттықтырушылар мен спортшылар да марапат төрінен көрінді. (Толығырақ төменге өтіп, тікелей эфирден тамашалай аласыздар)

Олардың арасында, әрине 12 дүркін чемпион болуымызға Гандболдан облыстың аға жаттықтырушысы Ольга Егунова мен «Қайсар» гандбол клубының президенті, бас жаттықтырушысы Вячеслав Ким сынды тұлғалардың еңбегі ерен екенін атап өту керек.
Сондай-ақ, марапатты облыстық гандбол федерациясының вице президенті Садық Мұстафаев жүргізді.

Барша жеңімпаз, жүлдегер спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! 🎉
Сыр елінің ҚАЙСАР қыздары жарады! Сыр спорты жасай берсін!✊

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: