Сәрсенбі, 06 қараша, 20:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

Автокөлік жүргізушілері аяз күндері нені есте сақтау керек?

06.12.2020

915 0

Аяз күндері автокөлік жүргізушілері нені есте сақтау керек? Бұл туралы ІІМ әкімшілік полиция комитеті баспсөз хатшысы Ирина Лукьянина Facebook парақшасында жазды.

“Қозғалтқышыңызды жеткілікті мөлшерде жылытсаңыз да, көлігіңізде одан басқа да бірнеше құрылғыны жылыту керегін естен шығармаңыз. Мысалы: амортизатор, тежегіштер және бағыттау қорабы (коробке передач) т.б Көлікті алғашқы бір километрде баяу жүргізу керек. Жолда шұңқырлар мен тесіктер кездессе 40 км\сағ жылдамдықпен жүрген жөн”, -деп жазды Лукьянина.
Ол көліктің үдеткіш педаліне (педаль газа) қатты күш түсірмеуге кеңес берді.
“Әдетте, амортизаторлар, көпір (мост) және қорап (коробка) екі-үш шақырымдық жолдан кейін қалыпты температураға дейін қызады. Қалада бұл жол жағдайына байланысты.  Жол бойындағы діскілер мен шұңқырларға жақындағанда тежегішті алдын ала басыңыз.  Себебі тежегішті алдын ала бассаңыз ол, жылына бастайды”, – дейді ол.
Бұдан бұрын, энергетика министрі көлік жүргізушілеріне аяз күндері дизельді отынды үнемдемеуге кеңес берген еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: