Бейсенбі, 28 наурыз, 16:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 3 наурыз күні сізді не күтіп тұр?

03.03.2023

706 0

Сурет:

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Егер өзіңізді спортпен айналысуға мәжбүрлеу қиын болса – достарыңыздың біріне сізбен бірге жаттығуға баруды ұсыныңыз. Осылайша сіз бір-біріңізге мотивация бересіз. Бүгін аса маңызды шаруаларды жоспарламаған абзал. Оларды орындауға көңіл-күйіңіз де күш-қуатыңыз да болмауы мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Бүкіл отбасымен демалысқа баратын уақыт келді. Демалыс күндері кинотеатрға баруды жоспарлаңыз, жақындарыңызбен экскурсияға барыңыз. Ұзақ уақыт бойы қалаған, бірақ бірқатар себепке байланысты қол жеткізе алмаған нәрсе үшін жалақыңыздан белгілі бір соманы бөліп отырыңыз. Арманыңызды орындайтын кез келді.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Көптеген қызықты және ерекше идея ұсынасыз, бірақ әріптестеріңіз бен басшыңыз мұны дұрыс қабылдамауы мүмкін. Сол себепті басында өз иделяарыңыздың дұрыс екенін дәлелдеуге тура келеді. Бұл күні сабырлы болыңыз, оқуға зейін қойыңыз, өзекті мәселелерді шешіңіз және ақпарат жинаңыз. Көп нәрсеге ашулануыңыз мүмкін, бірақ сабырлық танытсаңыз, кедергілерді айналып өтесіз. Арандатушылыққа бой алдырмаңыз, өз мүдделеріңізді қорғаңыз.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін денсаулығыңызға уақыт бөліңіз. Егер сізде аурудың белгілері болса, дәрігеріңізбен кездесуге жазылыңыз. Қалай тамақтанатыныңызға назар аударыңыз: жолда жүріп келе жатып тез тамақтанбаңыз, өйткені тойғаныңызды немесе тамақтың дәмін сезінбей қалуыңыз мүмкін, күндіз тамақты артық жеуіңіз ықтимал.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Балаларыңыз бен ата-анаңыздың өзара қарым-қатынасының жақсы болғанын қадағалаңыз. Олардың бірінен бірі үйренері көп. Балаңыз арқылы орындалмаған арман-мақсаттарыңызға жетуге тырыспаңыз. Оған махаббат пен жылу сыйлаңыз, қолдау көрсетіңіз. Осы арқылы ол табысқа жететіні сөзсіз.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Жақын арада достарыңыздың бірімен кездесе алмасаңыз, көңіліңізді түсірмеңіз, кездесу жиі болмаса да, сапалы болғаны маңызды. Қаржылық және бюрократиялық мәселелерді шешуге қолайлы күн.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Қаржылық мәселелермен айналысыңыз. Егер сізге қызықты ұсыныс түссе, оны қабылдаңыз. Үйіңізді маусымдық декормен сәндеп көрмеген болсаңыз, байқап көруге болады. Бұл сізге және отбасыңызға мерекелік көңіл-күй сыйлайды.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Күн қызықты болады. Шығармашылық көзқарас пен бірегей шешімді қажет ететін идеялар туындайды. Ал үйреншікті жұмыстарды жүргізу әдеттегіден қиынырақ болады. Жұмыстағы корпоративтік кештерді назардан тыс қалдырмаңыз, бейресми жағдайда әріптестермен қарым-қатынас жасаудан көптеген жағымды эмоция алуыңыз мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Үйде барлық уайымнан арылуға болатын «жайлы бұрышты» жабдықтауға тырысыңыз. Бұл жерге жастықтар мен көрпе қойыңыз, жарық қосыңыз (майшам, гирлянда немесе шамдар) және сүйікті кітаптарыңызды тізіп қойыңыз. Бұл күнделікті бірсарынды өміріңізді түрлендіреді. Көбірек қозғалыста болыңыз, иммунитетті көтеру қажет.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Егер сіз қарым-қатынастағы бірсарындылықтан шаршасаңыз, бүгін қызықты нәрсе ойлап табудың уақыты келді: кешкі ас ішіңіз, шығармашылықпен айналысыңыз, ән айтыңыз, би билеңіз немесе сурет салыңыз. Туыстармен қарым-қатынаста тепе-теңдікті ұстаныңыз мәжбүрлемеңіз, сынамаңыз, көбірек тыңдаңыз және шынайы жанашырлық танытыңыз.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Әдеттегі тағамдарды ақуызға бай мюслимен және кептірілген жемістермен ауыстырып көріңіз: бұл сіздің денсаулығыңызға оң әсер етеді. Серіктесіңізге қатысты күмән туындаса, онда осы тақырыпта ашық сөйлесуден қашпаңыз. Сүйікті адамыңыздың сезімдеріңізге деген көзқарасы – сізге деген оның қарым-қатынасын айқындайды.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Өзіңізге сеніңіз, өйткені бұл сіз қалаған нәрсеге қол жеткізудің жалғыз жолы. Көңіл-күйіңізді түсіретін жағдай болуы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін көбірек сөйлесіңіз, әлеуметтік шараларға қатысыңыз. Әлеуметтік желідегі хабарландыруларды өшіріңіз, бұл сізге жұмысқа көңіл бөлуге, оны жақсырақ орындауға және басшылықтан мақтау естуге мүмкіндік береді.

Дереккөз: НҰР.КЗ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: