Жексенбі, 05 мамыр, 00:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Диетадан кейін қайта салмақ қоспаудың сыры белгілі болды

17.12.2022

440 0

Шанхай тамақтану институтының зерттеушілері кейбір ішек бактериялары диетадан кейін салмақ қосу қаупін арттыруы мүмкін екенін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Nature Metabolism журналында олар тышқандарға бірқатар тәжірибелер жасағанын мәлімдеді. Зерттеушілер жануарларды 10 топқа бөліп, олардың әрқайсысына жеке диета түрін қолданған. Ғалымдар әдеттегі ас мәзіріне оралғаннан кейін тышқандардың ағзасындағы Lactobacillus деп аталатын ішек бактерияларының көбейгенін анықтады.

Белгілі болғандай, микробиоманың бұл өзгерісі ішек тіндерінің майды көбірек сіңіруіне көмектеседі. Дәл осындай процесс адамның ішегінде де орын алуы ықтимал: калорияның уақытша төмендеу кезеңдерінен кейін ішектің тағамнан майды сіңіру қабілеті артады және бұл денеге жоғалтқан салмағын қайтаруға мүмкіндік береді.

Ақырында, зерттеушілер ақуызға бай диета лактобактериялардың өсуін шектейді, осылайша ішектің майды сіңіру қабілетін шектейді деген қорытындыға келді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: