Жұма, 29 наурыз, 20:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Екі қолға бір смартфон

31.05.2022

728 0

Қазір көптің қатарына кіру де қиындықсыз болмақ емес. Сәт сайын жаңарып, ілгері жүрген сайын ілесу екінің бірінің қолынан келе қоймайды. Жаңа заман жаңаша заңдарын жүзеге асырып жатқанда, біз де қоса алға ұмтылуға тиіспіз. онлайн ғасыр оңайға соғып жатыр ма?

Ақпараттар дәуірі алпауыт өзгерістер әкеліп, оның бір әсері мамандықтар легіне де тиген болатын. Сіз бен біз байқағандай, маман иегерлерге сұраныс күн артып, мың құбылады. Салдарынан жаңа қызмет түрлері дүниеге келді. Копирайтер, SMM-маман, Трейдер, Таргетолог, Мобилограф, Блогер сынды түрлері бар. Әрқайсысының атқарар ісі, жауапты міндеті және бар. Өткеннің мамандарынан айырмашылықтары да жеткілікті. Ең басты айырмашылығы- 8 сағат тапжылмастан креслодан айырылмай күніңді өткізбейсің. Үйден шығып та қажет емес, арнаулы дресс- кодты да керек етпейді. Иілмелі жұмыс кестесі және  тек ғаламтор мен смартфонды серік етсеңіз болғаны, нақтырақ айтқанда, екі қолға бір “смартфон” табылып- ақ тұр.

    Трендтер тізбегіндегі мамандықтарды игеріп, күнін көріп, қалтасы қалыңдаған замандастарымыз қаншама. Өткеннің өзегі болған мамандықтармен салыстырғанда табысы да әлдеқайда жоғары. Алайда, ең алдымен табыстан бұрын, байыбына барып алғанымыз жөн болар. Бірі білсе, бірі ұғынбайтын бұл мамандықтардың атқарары қызметі  қандай? Маңызы қанша? Жеке- дара тоқтала кетіп, түсініктеме берсек.

Мобилограф- тек сапалы камералы телефонды қажет ететін мамандық түрі. Бейнетаспа түсіріп, керемет кадрлар жинақтайтын маман. Қазіргі күні жоғары сұранысқа ие екені және бар.

   SMM- маман. Instagram және Facebook желісі арқылы жұмыс жасайтын, бизнес не жеке тұлғаның парақшасын ұдайы жүргізіп, түрлі жұмыстарды жүзеге асырушы маман.

  Блогер- жоғарыда аталған желіде түрлі бағытта бейне-блог жасаушы кадр. Food bloger, Sport bloger, Fashion bloger секілді түрлі салаға бөлінеді.

  Трейдер- алуан алпауыт компаниелердің құнды қағаздарын алып сатушы маман. Түрлі қауіп- қатерге толы, тәуекелді талап ететін мамандық түрі. Айта кететін жайт, расында да қауіпке, бас тігуге тура келетін, тек түйсікке жүгіндіреді.

   Жоғарыдағы мамандықтар жақында пайда болғанымен, жәй- жәй жаулауда. Кейбір мамандықтардың орнын басып, өзгерістерге әкеліп те жатыр. Бұрынғының “Тауық сойса да, қасапшы сойсын” дейтін емес, “Жаса. Білмейсің бе? Үйрен” дейтін заман. Ендеше заман легінен қалыс қалмай, заңға бағынып жаңаша көзқараспен қарай біліңіз!

                                                                       Динара ЖҰМАДІЛ

                              Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: