Сейсенбі, 06 желтоқсан, 15:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97 (1901)
06.12.2022
PDF мұрағаты

Ертеңнен бастап eGov.kz порталына кіру тәртібі өзгереді

13.03.2022

426 0

eGov.kz порталына кіру шарттары 14 наурыздан бастап өзгереді.

“14 наурыздан бастап eGov.kz порталының пайдаланушылары үшін логин/пароль және бір реттік смс-хабарлама арқылы кіру жеке-жеке қол жетімсіз болады”, – делінген сайт хабарламасында.

Енді eGov.kz порталындағы деректер екі факторлы аутентификациямен қорғалады.

eGov.kz порталына кіру үшін пайдаланушылар:

• логин / ЖСН енгізу;

• құпиясөзді енгізу;

• мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөміріне жіберілетін бір реттік СМС-кодты енгізу арқылы кіруді растау қажет. Осылайша қауіпсіздіктің жоғары деңгейі қамтамасыз етіледі.

Электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ), биометрия және eGov mobile мобильдік қосымшасының көмегімен QR-кодты сканерлеу арқылы кіру аутентификация әдістері өзгеріссіз қалады.

Бұл нені білдіреді?

2FA немесе екі факторлы аутентификация – пайдаланушыны идентификациялау әдісі. Бұл әдіс арқылы сіз өзіңіздің аккаунтыңыздың иесі екеніңізді екі түрлі жолмен растауыңыз керек. Оның көмегімен сіздің деректеріңізге үшінші тұлғаларға қол жеткізу әлдеқайда қиын.

Порталдың қызметтерін пайдалану үшін Азаматтардың мобильді базасында тіркелген белсенді телефон нөмірі болуы керек. Нөміріңіз бұғатталған немесе тіркелмеген жағдайда 1414 нөмірі бойынша call-орталыққа хабарласыңыз немесе eGov.kz жеке кабинетіндегі нөмірді ауыстырыңыз.

Тағы да оқыңыз: