Жұма, 04 қазан, 08:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78-2088
01.10.2024
PDF мұрағаты

Омега-3 қышқылының пайдасы қандай?

12.09.2021

847 0

80-жылдардың басында даниялық ғалымдар көптеген скандинавия елдерінің тұрғындары басқа аймақтармен салыстырғанда жүрек-қан тамырлары ауруларына сирек шалдығатынын байқады. Одан кейінгі жұмыстарда олар солтүстік тұрғындардың күнделікті рационында омега-3 май қышқылдарының көп мөлшерін қамтитын теңіз өнімдері міндетті түрде болатынын көрсетті.

Бұл феноменді тереңірек зерттей келе, ғалымдар полиқанықпаған май қышқылының иммуномодуляциялық және қабынуға қарсы қасиеттері бар екенін анықтады. Ол жүрек ауруы немесе қатерлі ісік сияқты ауыр аурулардың дамуын тежей алады.

Бүгінгі күні клиникалық зерттеулер омега-3 жетіспеушілігінің депрессиялық күйге әкелетінін көрсетті. Жалпы біздің ағзамызға омега-3 май қышқылының күнделікті қажеттілігі шамамен 2 граммды құрайды. 

Омега-3-тен басқа бізге сол секілді тағы бір қышқыл қажет, ол – омега-6. Бұл жағдайда бұл екі қышқылдың тепе-теңдігі өте маңызды. Олардың қалыпты қатынасы 1:4 болуы керек. 

Мәселені қарапайым түрде шешуге болады. Үй асханасында кәдімгі жүгері немесе күнбағыс майын зәйтүн, зығыр, соя немесе жаңғақ майымен алмастырыңыз. Омега-3 дәруменінің ең жақсы көзі – теңіз балығы. Әсіресе жабайы: анчоус, скумбрия, сардин, майшабақ, лосось, галибут, тұщы форель. Мысалы майшабақтың құрамында әрбір 50-100 граммында аталған дәруменнің 1 граммы бар. 50-90 грамм өнімге сардин 1 грамм.

Жасыл көкөністер мен теңіз балдырларында Омега-3 мөлшері мол.

Массагет

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: