Сенбі, 23 қараша, 05:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Тест. Психологиялық жасыңыз нешеде?

16.07.2023

465 0

Адамның нақты физиологиялық жасы мен оның психологиялық жасымен бірдей  емес. Мұны психологиядан да, сан түрлі әлеуметтік желілерден білген боларсыз. Мамандардың айтуынша адамның шын жасын психологиялық жағдайы мен өмірде көрген тәжірибесі анықтайды екен. Ал сіздің психологиялық жасыңыз нешеде?

Төменде көрсетілген 25 тұжырымды оқып, қаншалықты келісетіндігіңізді анықтап, оған мынандай баға беріңіз:

Егер тұжырыммен толық келіссеңіз – 4 ұпай;

Егер жартылай тұжырыммен келіссеңіз – 3 ұпай;

Егер тұжырымның бір бөлігімен ғана келіссеңіз – 3 ұпай;

Егер тұжырыммен келіспесеңіз – 1 ұпай.

– Мен қалжыңдарды жақсы түсінемін, әзілдерді көтере аламын. 
– Менің ішкі түйсігім (интуиция) жақсы дамыған, басқаларды да бірден түсінемін. 
– Менің болашағым көптеген қызықты оқиғаларға толы. 
– Басқалар менімен дос болуды қалайды, мен басқаларға ұнаймын. 
– Маған ұқсамайтын, менің көзқарастарыммен келіспейтін адам да мен үшін қызықты болып, маған ұнай алады. 
– Кішкентай балаларды жақсы көремін. 
– Түрлі қиын тапсырмаларды шешкенді ұнатамын. 
– Қандай да бір істі бастағанда, оны барынша жақсы істеуге тырысамын. 
– Түрлі оқиғалардың себептері мен үшін қызықты. 
– Жұмыстан басқа айналысатын хоббиім көп. 
– Өмірдегі кез келген өзгерістерді жақсылыққа деп болжаймын. 
– Менің жұмысым басқаларға пайда әкелетіндігіне сенімдімін. 
– Армандар мен қияли ойларға салыну мен үшін үйреншікті іс. 
– Жақсы музыка менің көңілімді көтере алады. 
– Жаңашылдықты жақсы көремін, жаңа ойларды қуана қабылдаймын. 
– Қиындықтар алдында бой алдырмаймын, қайта тырысып, дегеніме жетемін. 
– Менің күлкім әр уақытта шын көңілімнен шығады. 
– Ең үлкен сырларым мен құпияларымды айта алатындай досым бар. 
– Физикалық белсенділік, спорт, жаттығулар өмірімнің таптырмас бөлігі. 
– Жаңа адамдармен танысқанды ұнатамын. 
– Қазір қолымнан келмейтін жаңа бір іспен айналысқым келеді. 
– Мен әр уақытта тартымды, сымбатты болғым келеді, соған уақытымды бөліп, тырысамын. 
– Кішкентай қиындықтар менің көңілімді бұза алмайды. 
– Мен өмір сүріп жатқан кезеңім өзіме ұнайды. 
– Менің сәтім түсетін «жұлдызды» уақытым әлі алда.

Ұпайларды өзара қосып, нәтижені оқыңыз.

75 ұпайдан артық

Биологиялық жасыңызға қарамастан, сіздің бойыңыздағы жігер мен күш, өзіңізге деген сенімділік жетіп артылады. Сіздің достарыңыз көп, болашаққа сеніп, басқаларға мейіріммен қарайсыз. Психологиялық тұрғыдан сіз өте жассыз. Болашақта да осылай қалпыңызда қала беріңіз.

50-75 ұпай аралығында

Өмір жолында сіз ерте есейіп, балалық шақтың кейбір қызықтарын жіберіп қойған сияқтысыз. Өмірлік қиындықтар мен уайымдаулар, күнделікті қажеттіліктер сізді қарапайым дүниелерден қуанту қасиетінен арылтады. Алайда ол бойыңызға салмақтылық пен жауапкершілік береді. Сіз психологиялық тұрғыдан қарағанда жас емессіз, алайда сізді «кәрі» деуге де болмайды. Сізге кішкене сергектік пен өмірге деген оң көзқарас жетіспейді.

50 ұпайдан кем

Сізді өмірде көпті көрген, жасына қарамай ерте есейген адам деп айтуға болады. Сіз көп нәрсеге шын баға бере аласыз, бірақ осы себепті де көп қызығушылықтарыңыз артта қалды. Мұндай психологиялық жағдай үлкен кісілерге тән. Егер сіздің нақты жасыңыз әлі ондай болмаса, алдағы өмірді қызықсыз өткізбей, оны өмірге толтыруға тырысыңыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: