Сенбі, 24 ақпан, 10:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№16 (2026)
24.02.2024
PDF мұрағаты

Зерттеу: Әлеуметтік желі көбіне қыз балаға зиян

29.04.2022

908 0

Әлеуметтік желі қыз баланың психикасына ұл балаға қарағанда ерте әсер етеді. Әсіресе, мұндай балалар күйзеліске берілгіш келеді. Осылай дейді Кембридж университетінің ғалымдары.

Әлеуметтік желінің жасөспірімнің психикасына кері әсер ететінін талай зерттеулер дәлелдеген. Енді міне, Ұлыбритания ғалымдары да әлеуметтік желінің зиян екенін айтып отыр. Әсіресе, қыз балаға зияны көбірек көрінеді.

Ғалымдардың айтуынша, әлеуметтік желіні жиі пайдаланатын қыз бала 11-13 жасында психикасы бұзылып, күйзеліс пен өзіне көңілі толмауы, өзін жеккөру сынды психологиялық жай-күй орнауы мүмкін. Ал ұл балада бұл кезең 14-15 жаста басталатын көрінеді.

Ең қызығы сол – әлеуметтік желі кіші жасөспірімдерге қатты әсер етеді де 19 жастағы жастарға көп зиянын тигізе қоймайды екен. Бірақ 19 жастан асқандарда тағы да көңіл толмауы күйзелісі басталуы ықтимал. Бұл жолы ұл мен қызда бірдей басталады.

Ғалымдардың есебінше, 2017-2021 жылдары 5-16 жас аралығындағы психикасы бұзылған жасөспірімдердің саны 50 пайызға дейін өсіп кеткен. Зерттеушілердің айтуынша, бұған себеп – әлеуметтік желідегі негативтер. Қазіргі есеп бойынша, Еуропа мектептеріндегі бір сыныптағы оқушының 5-уі психикасы бұзылған болып шығады екен.

Ғалымдар бұл зерттеуіін әлеуметтік желі жайған психикалық күйдің жай-жапсарын түсінуге көмектеседі деген үмітте.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: