Жұма, 21 қаңтар, 22:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№5 (1810)
18.01.2022
PDF мұрағаты

Жақсы қарбыз қандай болады?

28.07.2021

2165 0

Бүгінде сауда нүктелері мен базарларда қарбыз толып тұр. Ал жақсы қарбыз таңдай білу де өнер. Қарбыз таңдарда мынадай жайлар есіңізде болсын:

1. Тым кішкентай немесе ебедейсіз үлкен дарбыз алмаңыз. Ең дұрысы – салмағы 5 килодан артатын қарбыз. Ұсақ қарбыз көлеңкеде өскен, азықтық заттары мөлшерден аз сіңірген, ал үлкен қарбыз «нитратты» көп жеген болуы мүмкін.

2. Қарбыздың қабығының түсі ашық болғаны жақсы. Яғни жарық пен жылуды, азықтық заттарды жеткілікті мөлшерде алған қарбыздың қабығындағы қара-көк, жасыл-ала түстер өз сызығымен айқын көрініп тұрады.

3. Қарбызды қысып көріп таңдайтын әдет бар. Бірақ бұл үзілгеніне ұзақ болмаған, көп тасымалданбаған қарбызға қатысты. Ал үзілгеніне көп болған, ұзақ тасымалданған қарбыз қысып көргенде шыртылдаған дыбыс шығармайды, өйткені оның еті біршама босаған. Сондықтан қарбызды сол қолға ұстап тұрып оны бүйірінен шапалақпен жоғарыдан төмен, төменнен жоғары қарай ұрып көру керек. Сонда ол оң қолдың соққысын сол қолға толық сезіндіреді. Бұл оның жақсы піскенінің белгісі.

4. Қарбыздың жерде жатқан жері сары емес, күңгірт қызғылт сары түсте болғаны жақсы. Бұл да оның сапалы піскенін білдіреді.

5. Дарбыздың «құйрығы» емес, осы «құйрықтың» дарбызға жалғасқан тұсы «құрғақ кіндік» түрінде болғаны жақсы. Яғни өз күшімен, дұрыс піскен қарбыз сабағынан өз күшімен бөлінеді, құйрығы қурайды.

6. Сапалы піскен қарбыз қабығын тырнақпен жыруға болмайды. Өйткені ол қатты, толық пісіп, сабағынан өз күшімен ажыраған дарбызды күн қызуынан, буланудан сақтайды. Ал егер саусақпен сырып көргенде қабық жырылып-тесілсе, онда қарбыздың толық піспеген болғаны.

7. Қарбызды бір тұсынан саусақ ысығанша ысқылап, иіскеп көрсе де болады. Егер осы кезде жаңа шабылған шөп иісі шықса, онда ол дарбыздың піспегенінің белгісі.

8. Ашыған немесе ашиын деген дарбызды алуға болмайды. Ал ондай қарбыздар жұмсақ, былқылдақ болады. Алақанмен ұрып көргенде адам су толы пакетті ұрғандай болады. Бұл – сырты бүлінбеген болса да, еті езілген қарбыз.

9. Қарбыз ірі әрі жеңіл болса, ол оның жақсы піскенінің белгісі. Яғни шикі дарбыз сырт көрінісіне қарағанда салмақты болады. Өйткені дарбыз жетілген сайын оның өзіндік салмағы ортая береді.

oinet.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: