Жұма, 06 желтоқсан, 21:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96-2106
03.12.2024
PDF мұрағаты

Жас ғалым ауылшаруашылық қалдықтарын тиімді пайдалану әдісін жасады

24.02.2022

1241 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары ауыл шаруашылық қалдықтарын органикалық биотыңайтқыш ретінде пайдаланудың оңтайлы әдісін ойлап тапты. Бұл ғылыми жаңалықты жас ғалым Сәкен Қанжар Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

-Зерттеу барысында ауылшаруашылық қалдықтарын, атап айтқанда күріш қалдықтарын утилизациялау проблемалары, қазіргі өңдеу әдістері, қолдану салаларын қарастырдық. Күріш қауызынан аморфты кремний диоксидін алу үшін күріш қауызы ұнтақталып, тұз қышқылымен микротолқындық сәулелендіру арқылы өңделеді. Өңделген өнім жоғары температурада муфельді пеште күйдіріліп, аморфты кремний диоксиді алынды, – деді жас зерттеуші Сәкен Қанжар.

-Күріш қауызы мен сабаны өте баяу шіритін болғандықтан, оны утилизациялау да қиынға соғады. Қазіргі кезде бұл қалдықтарды майдалап, шаруалар мал азығына араластырып пайдаланып жүр. Бірақ күріш қауызында ешқандай қоректік заттар жоқ. Осы қалдықтарды оңтайлы пайдалану мақсатында әлі де зерттеу жұмыстарын жүргізудемін. Зерттеу жұмысының мақсаты аталған қалдықтарды тез шіріту арқылы органикалық жер өңдеу үшін тиімді биотыңайтқыш алу. Оларды тез шіріту мақсатында кеуектерінде микроағзалардың жылдам дамуы үшін биокөмір және күйіс қайыратын малдардан алынған целлюлозолитті микроағзалар қолданылады. Біз аталған қалдықтарды 3 айда шірітіп, тиімділігі жоғары жаңа Терра Прета биотыңайтқышын алдық. Өткен жылы бұл жоба бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ректорының жас ғалымдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсына қатысып, 2500000 теңге грант иегері атандым, – деді Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіндегі «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхананың ғылыми қызметкері Рахметулла Жаппарбергенов.

Айта кету керек, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 2021 жылы оқытушыларды ғылыми-зерттеу қызметіне көбірек тарту мақсатында жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсы өткізілді. Байқау нәтижесінде жалпы сомасы 10 млн теңгелік 4 жоба университет грантын иеленді. Қазіргі уақытта ғалымдар зерттеу жұмыстарын жалғастыруда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: