Бейсенбі, 28 наурыз, 18:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Ғылым және жоғары білім министрінің жастар ісі жөніндегі кеңесшісі қызылордалық студенттермен кездесті

19.01.2023

518 0

Ғылым және жоғары білім министрінің жастар ісі жөніндегі кеңесшісі – студенттік омбудсмен Айсұлу Ерниязова Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерімен кездесті.

Жиында жаңа идеялар мен жастарға қатысты мәселелер талқыланды.

 Студенттер құқығының қорғалуы, сапалы білім алуы, жатақханамен қамтылуы, шығармашылықпен еркін айналысуы – біздің басты назарымызда. Әртүрлі жоғары оқу орнында оқыса да белсенді білім алушылар бір-бірімен байланыс орнатып, жаңа идеяларды жүзеге асыруы керек. Өйткені, жастардың жарқын ойлары, күш-жігері қоғамға оң өзгеріс әкеледі. Былтыр Түркістанда өткен халықаралық жастар форумы студенттерге үлкен серпіліс берді. Мұндай ауқымды шара биыл да ұйымдастырылмақ, – деді Айсұлу Ерниязова.

Айта кету керек, кездесуде университеттің Кәсіпкерлік орталығының жетекшісі Жанарыс Түбекбаев пен жастар ісі жөніндегі комиет төрағасы Нәбиден Марат  жаңа жобалармен таныстырды.

Жиын барысында студенттер сұрақ-жауап алмасып, ұсыныстарын жеткізді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

 медиа орталығы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: