Жексенбі, 19 мамыр, 05:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Кітапқұмарлар жиыны

19.09.2023

231 0

Әбділдә Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жалпы республикалық «КITAP TIME – 2023» фестивалі өткізілді.

Шараның мақсаты – кітапты насихаттау,  мәдени құндылықты дәріптеу, өскелең ұрпақтың көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту.

Салтанатты жиында  Қазақстан Жазушылар одағының Қызылорда облыстық филиалының төрайымы Қаршыға Есімсейітова құттықтап, қалың оқырман қауым мен жиынға қатысу­шыларға жылы лебізін білдірді.

Кітап сүйер қауымға осы күні қызыққа толы бағдарлама дайындалды. Фестивальда «Мәдениеттің мәйегі – кітап» атты кітап жәрмеңкесі ұйым­дастырылып,  онда  «Кітап ал» дүкені өз кітаптарын сатуға ұсынды.

Сонымен қатар «Білімділер алаңы», «Шебер қолдар алаңы», «Ертегілер қалашығы», «Абай ауылында»  деген тақырыпта таланттылар өз өнер­лерін көрсетті. Ал тарихшы Жұмабай Байзақ музей қорындағы Абай Құнанбайұлының төте жазумен жа­зылған кітабын та­ныстырып, жас өнерпаздар сахналық қойылым қойды. «Таңғажайып кітаптар» көрмесіне қазақ, шетел әдебиетінен кітаптар  қойылды. Ақындар аллеясында «Менің жауһар жырларым» атты жер­гілікті ақын-жазушылармен поэзия кеші ұйымдастырылды. Оған жергілікті ақындар Қазына Өзденбаева, Ғазиза Әбділдә, Гауһар Қожахметова, Берік Алтынбекқызы қатысып, өздерінің өлеңдерін оқыды.

Әдемі безендірілген кафе стилін­дегі «Библио-coffee» қонақтар үшін тақырыптық үстелдер қойып, оқуға мерзімді басылым мәзірін ұсынды. Әдеби сұрақтарға жауап берген қонақтарға тәтті кофелер берілді. Сонымен қатар bookcrossing, photozone ұйымдастырылды.

Кітап фестиваліне зиялы қауым өкілдері, жастар, кітапхана оқыр­мандары, жоғары оқу орны және колледж студенттері, мектеп оқушылары, жалпы 800-ге жуық қала тұрғындары қатысты.

Г.АСҚАРҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: