Бейсенбі, 02 мамыр, 02:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада «Интеллектуалды ұлт» телевизиялық білім сайысының жеңімпаздары анықталды

22.04.2022

654 0

Қызылорда облыстық білім басқармасы және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, облыстық «Qyzylorda» телернасы мен Жастар ресурстық орталығы бірлесіп ұйымдастырған «Интеллектуалды ұлт» облыстық телевизиялық білім бәйгесінің финалдық кезеңі өтті.

Өңіріміздегі білімді жастарды даралайтын телевизиялық білім сайысының қорытынды кезеңіне Арал, Қазалы, Жалағаш аудандары мен Қызылорда қаласынан командалар қатысып, бақ сынасты. Тапқырлығы мен білімі арқылы дараланған оқушыларға ақтық мәреде түрлі сала бойынша, логикалық, тарихи бағыттағы сұрақтар қойылды.

Сайыстың нәтижесі бойынша І орынды Қазалы ауданынан құралған команда жеңіп алса, ІІ орын Арал ауданының командасына бұйырды. Ал, Жалағаш ауданынан құралған команда ІІІ орынды иеленсе, Қызылорда қаласының командасына арнайы алғыс хат табысталды.

Ұшқыр ойлы ұрпақ тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған жобаның финалдық бәсекесіне облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Каримова мен облыстық «Qyzylorda» телернасының орынбасары Айсұлу Қасымова қатысып, жеңімпаздарды марапаттады. Сондай-ақ, жеңімпаз болып танылған үш команданың үш үздік қатысушыларына Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің тегін білім гранты табысталады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: