Жұма, 29 наурыз, 15:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

30 адам тегін тексерілді

13.12.2021

758 0

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай облыс орталығындағы «Табиғи денсаулық» клиникасы Қызылорда қалалық мүгедектер қоғамымен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі 30 адамды тегін диагностикалық тексеруден өткізді.

Адам ағзасын толық тек­серістен өткізетін құрылғы 3 са­ғаттың ішінде сараптама қоры­тындысын шығарып бере алады. Ми тамыры, ас қорыту жүйесі, қан тамырындағы өзгерістерді анықтайтын заманауи құралдың мүмкіндігі орасан. Ма­мандардың айтуынша, тексеру тез әрі еш­қандай ауырсынусыз жүреді.

«Табиғи денсаулық» клиника­сы 2019 жылы ашылған. Бас дәрігер Ләззат Қадырбаеваның айтуынша, орталықта екі диагнос­тикалық ап­парат бар. Бір адамды тексеруге 40-45 минут жұмсалады. Диагностикалық тексеруден кейін әрі қарай талқылау, ұсы­ныс беру, ем жасау, соның барлығына 1,5-2 сағат уақыт кетеді.

Ресейдің медициналық-әлеу­­мет­тік реабилитация академия­сынан дәріс алған білікті мамандар бір ғана құрылғымен адам ағзасын тексере алады.

– Тағдыр тәлкегіне түскен жа­­рым­жан жандарды қоғамға бейім­деп, олардың еңсесін тік­теп, өзгелер секілді өмір сүру­леріне қолайлы жағдай жасау – бүгінгі қоғамның басты талабы. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы ме­ре­кесінің қарсаңында 30 игі іс-шараға өз үлесімізді қосып, мүмкіндігі шектеулі жандарды тегін диагностикалық тексеруден  өткізіп, медициналық көмек көр­сетуде­­міз, – дейді орталық директоры Гүлжан Құндақбаева.

«Табиғи денсаулық» диаг­нос­­тикалық орталығының дирек­торына қалалық «Мүгедектер қоғамы» төрағасы Сәкен Алдашбаев мүм­кіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету жөнінде ұсыныс білдірген. Клиника олар­ды тегін тексеруден өткізіп, қолына дәрігерлік анықтама бер­ген. Дәрігерлік анықтама бар­лық медициналық ұйымдарға жарамды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: