Жексенбі, 28 сәуiр, 15:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Ауылдарда бала туу деңгейі қаламен салыстырғанда жоғары – министр

10.10.2022

312 0

ҚазАқпарат – Былтыр ауылдарда бала туу деңгейі қалаға қарағанда жоғары болды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты

«2021 жылы ауылдарда бала туу деңгейі қалаға қарағанда жоғары болды. Биылдың 7 айдағы қортындысы бойынша республикалық көрсеткіштен 5 пайызға жоғары», – деді А. Ғиният ауылдағы денсаулық сақтау мәселесін талқалуға арналған Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, былтырмен салыстырғанда жалпы өлім көрсеткішінің 14 пайызға төмендеуі байқалып отыр.

«Биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша ауылдағы ана өлімі қалаға қарағанда 2 есе төмен. Осы жылы нәресте өлімі былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда ауылдарда 30,6 пайызға ұлғайғаны байқалды. Бұл ретте, ауылда бала өлімі қаламен салыстырғанда 38,7 пайызға төмен. Нәресте өлімі әйелдердің денсаулығына тікелей байланысты», – деді министрі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ведомство басшысы ауылдағылар қала тұрғындарына қарағанда ұзағырақ өмір сүретінін айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: