Сенбі, 27 сәуiр, 05:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Бар мейірім – балаларға

01.06.2022

836 0

Бүгін «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» мейрамын бүкіл әлем атап өтуде. Өз кезегінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының «облыстық мамандандырылған сәби үйі» де мерейлі мерекені сән-салтанатымен тойлады. Шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов, сондай-ақ медицина ұйымдарының басшылары қатысты.

Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған. Өйткені олар бақытты болуға әбден лайық. Әттен, бір кем дүние. Бірақ олар қажымайды. Өйткені оларды мемлекет өз қамқорлығына алған. Бүгінгі мерекелік шара балғындардың кіршіксіз көңіліне қуаныш сыйлады. «Сәби үйінің» бас дәрігері Гүлсім Ержанованың айтуынша, мұндағы тәрбиеленушілерге ерекше қамқорлық көрсетіледі.

Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласып, Арыстан есімді батырдың тұсауы кесілді. «Көп түкірсе көл» демекші, бұл күні балаларға түрлі ойыншықтар таратылды. Көпшіліктің көңілі көтерілгенін көріп, біз де мереке қарсаңында бір шаттанып қалдық.

Нұрайым Мырқы

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: