Жексенбі, 08 желтоқсан, 09:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Басқарма басшысы әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

06.03.2022

744 0

 «8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні» мерекесі қарсаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Пазилов Сабит Бексеитұлы №3 қалалық емханаға медициналық қызмет алуға келген қыз-келіншектерді арнайы гүл шоқтарымен құттықтады. 
 Сондай -ақ саналы ғұмырын денсаулық сақтау саласына арнаған ардагер аналарды мерекемен құттықтады.
 «Аймақтағы барша әйел-аналарды құттықтаймын. Сіздердегі мейірім мен махаббат, жауапкершілік пен төзімділік бізді қайран қалдырады. Ұрпаққа өмір сыйлау, оларды тәрбиелеп, қамқор болу да  әйелге тән асыл қасиет. Сіздер нәзік те әдемі болмыстарыңызды сақтай отырып, отбасында да, жұмыста да табысқа жетіп келесіздер. Баршаңызға мықты денсаулық, мол бақыт, бақ-береке, молшылық тілеймін», - деп лебізін білдірген Сабит Бексеитұлы тұрғындармен ашық-жарқын әңгіме құрып, ізгі ниеттерін де тыңдады. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: