Сәрсенбі, 30 қараша, 02:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№95 (1899)
29.11.2022
PDF мұрағаты

Биыл облыс тұрғындарына 74832 медициналық оңалту қызметі көрсетілді

23.12.2021

482 0

Биыл облыс тұрғындарының 78,4 пайызы әлеуметтік медициналық сақтандыру мәртебесіне ие болып, тиісті медицициналық көмектерге қол жеткізді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов хабарлады.

– Халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен жаппай қамтудың екінші жылы аяқталуға жақын. Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қаржыландыру айтарлықтай өсті. Мәселен, өткен жылмен салыстырғанда нақтыланған бюджет көлемі 29 пайызға артты. Нәтижесінде, 60 медициналық ұйыммен келісім шарт жасалды. Келесі жылы медициналық қызметтерді сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен объективтілігін арттыру үшін медициналық көмектерді автоматтандыру жоспарлануда. Одан бөлек, МӘМС пакеттерін, сонымен қатар оларды қаржыландыру тәсілдерін одан әрі жетілдіру жоспарға сәйкес орындалатын болады. МӘМС жүйесі іске қосылғалы бері облыс тұрғындары әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 24,9 млрд. теңге төлем аударған. Оның 67,8% жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 32,2% жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. Жинақталған қаржы сенімгерлік басқару туралы келісіммен бекітілген ұлттық банкте сақталады және МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтердің ақысын төлеуге жұмсалады, – деді Бақыт Исмаханбетов.

Тағы да оқыңыз: