Сейсенбі, 07 мамыр, 15:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Covid-19: Өңірде эпидахуал қалай?

11.07.2022

384 0

Пандемия басталғаннан бері Қызылорда облысы бойынша коронавирус инфекциясының 24 154 жағдайы анықталды. Оның ішінде 15 787 жағдай ауру симптомдарымен болса, 8367 дерегі клиникалық белгілерінсіз анықталды. Ал жыл басынан бері 16 042 дерек тіркелді. Шілде айының 10 күнінде барлығы 34 жағдай анықталды, 38 ауру ошағы бар.  Соңғы тәулікте 12 жағдай есепке алынды, 10 жағдайында ауру симптомдарымен анықталды. Барлығы Қызылорда қаласында тіркелді.

Бүгінгі күні вакцинаның І-компонентімен 515700 қызылордалық екпе алған болса,  ІІ компонентін 510 392 адам алған. 227 598 адам ревакцинациядан өткен. 11.07.2022 жылғы жағдай бойынша 12-17 жас аралығынлағы 75 106 жасөспірім Пфайзер препаратымен вирусқа қарсы екпе алса, 2788 жүкті әйел және лактация кезеңіндегі 7068 әйел вирусқа қарсы иммунитетін күшейтіп алды.

Коронавирус инфекциясының пандемиясы әлі аяқталған жоқ, сондықтан вакцинация мен ревакцинацияның пайдасына дұрыс таңдау жасау керек, бұл ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына және тұрақты эпидемиологиялық жағдайды ұстап тұруға өз септігін тигізеді.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: