Жұма, 26 сәуiр, 08:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Covid-19: Өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақты

15.02.2022

831 0

Елімізде 14 ақпандағы мәлімет бойынша 1311 адам коронавирус жұқтырып, 4892 адам коронавирустан жазылған. Ал Қызылордада 12 жағдай тіркелді. Атап айтсақ, 7-і симптомды, 5-і симптомсыз жағдай. Бүгінде науқастар үй жағдайында бақылауда. Сондай-ақ 36 адам осы індеттен айықты.

Облыстық денсаулық сақтау басқар­масының мәлімдеуінше, өңірде санитарлық эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Бүгінде Сыр өңірі «жасыл» аймақта.  Жалпы 2020 жылдан бері облыста тіркелген науқастар саны 24048-ге жетті. Айта кету керек, қазір облыс бойынша инфекциялық стационарда 82 емделуші, ал реанимациялық төсек-орында 14 науқас ем қабылдауда.

Қазіргі кезде Қызылордада екпе қа­былдауға қабілетті халықтың 93,5 проценті вакцина салдырды. Мәселен, I компонентпен 423 316 адам, II компонентпен 412 410 адам қамтылған.

Сонымен қатар 15 қараша мен 11 ақпан аралығында «Pfizer» вакцинасын алғандар саны 45540-қа жетті. Оның басым көпшілігін жасөспірімдер құрайды.

Ревакцинациялау үшін екпе қоры жеткілікті. Бүгінде «QazVac», «SinoVac», «Pfizer», «Спутник Лайт» пре­параттары қолданылуда.

Облыстық санитариялық-эпидемиоло­гиялық бақылау департаментінің мәліме­тінше, 2021 жылдың қарашасынан басталған ревакцинациядан барлығы 94495 адам өтті.

Қазіргі кезде ревакциналау бойынша медицина қызметкерлері, мұғалімдер мен күштік құрылымдар қызметкерлері көш бастап тұр. Айта ету керек, 60 жастан асқан азаматтардың үлесі жоғары. Студенттер мен созылмалы аурулары бар адамдар арасында да ревакциналау көрсеткіші арта түскен.

Ақмарал ҚАДЫРХАНҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: