Сәрсенбі, 24 сәуiр, 10:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Covid-19: Станционарда 180 науқас ем қабылдауда

08.02.2022

393 0

Қызылорда облысында 6 ақпанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 20 дерек тіркелді. Оның ішінде 10 адамнан вирустың белгілері байқалса, 10 адам коронавирусты симптомсыз өткеруде. Бүгінгі таңда вирус жұқтырғандардың 30 проценті, яғни 6 адам инфекциялық стационарда ем қабылдауда. Осылайша 2020 жылдан бері Қызылордада вирус жұқтырғандар саны 23940 адамды құрады.

Коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болғандардың саны 64 733 жетті. Оның ішінде тікелей қарым-қатынас – 61 985, ықтимал қарым-қатынас – 2 748.

Одан бөлек, демалыс күні өңірде барлығы 107 адам вирустан жазылып шықты. Оның ішінде Қызылорда қаласының 80 тұрғынында ПЦР тест теріс нәтиже көрсетті. Осылайша өңірде коронавирус індеті тарағалы барлығы 22 980 адам, яғни вирус жұқтырғандардың 96 проценті жазылып шықты.

Қазіргі таңда облыстағы инфекциялық стационарларда барлығы 180 науқас ем қабылдап жатқандықтан стационарлар жүктемесі 23 процентті құрады. Ем қабылдап жатқандардың ішінде 21 науқас реанимациялық төсек-орында жатыр. 

Ақпанның 6-ы күні Қызыл­орда қаласында 11 адам корона­ви­рус­қа қарсы вакцинаның І компонен­тін салып, шаһарда вак­цинаның бірінші екпесін алғандардың саны барлығы 184190 адамды құрады. Ал екпенің ІІ компонентін сол тәулікте 98 адам салдырып, нәтижесінде қалада 179476 адам вакцинаны толықтай салдырды.

Медициналық ақпараттық жүйеге сәйкес, Қызылорда облысында қала бойынша 35 032, аудан бойынша 51 809, барлығы 86 841 тұрғын «COVID-19» жұқпасына қарсы қайта вакциналанған. Ал 6 ақпанда Қызылорда қаласында 12-17 жас аралығындағы балалар, жүкті және босанған әйелдер арасында «COVID-19» жұқпасына қарсы «Комирнати» екпесінің 129 адам І компонентін, 24 адам ІІ компонентін салдырған.

А.БІРКЕНОВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: