Бейсенбі, 18 сәуiр, 17:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Денсаулық сақтау министрі: Қазақстанда карантин талаптары жеңілдетіледі

01.09.2021

702 0

ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой карантинді жеңілдетудің жаңа кезеңі енгізілетінін айтты, деп хабарлайды“Sputnik Қазақстанға” ақпарат агенттігі .

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, Қазақстанда коронавирустық жағдай тұрақтануда.

«Күн сайын аурушаңдық деңгейі төмендеуде, вакцинацияланған адамдар саны артып келеді, сондықтан қазіргі уақытта біз оң болжамдар жасап отырмыз. Қазір біз жағдайдың жалпы жақсарып келе жатқанын көріп отырмыз және жағдай тұрақты», – деді министр.

Министр сондай -ақ Қазақстандағы вакцинация көрсеткішіне баға берді. Ол  бүкіл республика бойынша вакцинациялау жақы жүргізіліп жатқанын алға тартты. 

«Ең алдымен, бізге азаматтардың қауіпсіздігі маңызды. Біз біртіндеп жеңілдету жұмыстарын жүргіземіз. Ashyq -ты қолдану арқылы, спорттық іс-шараларды ашуды бастаймыз, демалыс күндері «жасыл» мәртебедегі адамдарға қызмет көрсетуге рұқсат береміз. Жаңа карантин талаптарында жеңілдіктер қарастырылған”, – дейді Цой.

31 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентімен 6 669 969 адамға, екінші компонентпен 5 438 316 адамға вакцинацияланған.

 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: