Сейсенбі, 19 наурыз, 12:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№23(2033)
19.03.2024
PDF мұрағаты

Денсаулық сақтау министрі Сыр халқымен кездесті

03.10.2022

441 0

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында «Достық үйiнде» өңір халқымен кездестi.
Министр өзінің кіріспе сөзінде денсаулық сақтауды дамытудың бірнеше басым бағыттарын атап өтті, олар: бастапқы медициналық-санитарлық қызмет ұйымдарында медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және қамтуды кеңейту, ауыл медицинасын дамыту, ана мен бала денсаулығын сақтау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту.
«Қызылорда облысында 237 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысаны жұмыс істейді.
Министр ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру туралы айта келе, Қызылорда облысында ауылдық жерлерде 27 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысанын салу жоспарланып отырғанын атап өтті.
Сондай-ақ, жоба аясында жалпы 32 көпбейінді аурухана, оның ішінде өңірдегі 4 орталық аудандық аурухана ұйымдастыру жоспарлануда.
Жоба аясында көп бейінді аудандық орталық ауруханалар ұйымдастырылады, олардың базасында инсульт және кардиологиялық орталықтар, медициналық оңалту, травматология, хирургия, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелері, триаж жүйесі бар қабылдау бөлімшесі ашылады.
Жиын барысында денсаулық сақтау министрлігінің басшысы мүгедек азаматтардың медициналық көмектің қолжетімділігі, жедел жәрдемге жету уақыты, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық кадрларды даярлау туралы көптеген сұрақтарына жауап берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: