Жұма, 23 ақпан, 06:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15 (2025)
20.02.2024
PDF мұрағаты

Елімізде трамадол, тропикамид, зопиклон дәрілік зат айналымын бақылау күшейтілмек

10.10.2022

567 0

ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымына трамадол, тропикамид және зопиклон халықаралық патенттелмеген атаулары бар дәрілік заттарды бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне қосу туралы хат жолдады.

Бұл туралы ҚР Денсаулық министрі Ажар Ғиният Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауабында айтқан.

«Трамадол», «Тропикамид», «Мидакс», «Сомнол» және «Лирика» препараттарының тізіміне Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне өзгерістер енгізу және бұл препараттарды адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсер ететін күшті заттар санатынан стероид емес қабынуға қарсы препараттар санатына ауыстырған жөн деп есептейміз», – делінген депутаттық сауалда.

Министр Ажар Ғинияттың айтуынша, бұл мәселемен қазір Ішкі істер министрлігі шұғылданып жатыр.

«Министрлік өз құзыреті шегінде ҚР Ішкі істер министрлігіне «нашақорлыққа тәуелділік туындататын препараттардың дәріханада сатылуы» трамадол, тропикамид және зопиклон халықаралық патенттелмеген атаулары бар дәрілік заттарды тізімге енгізу мүмкіндігін қараcтыру ұсыныстарын жіберілгенін хабарлайды.

Сонымен қатар Ішкі істер министрлігінің жауабына сәйкес «Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» ҚР Заңының 2-бабының 1-1-тармағына сәйкес затты көрсетілген тізімге енгізу мынадай негіздердің бірі бойынша жүзеге асырылады:

– БҰҰ Есірткіні бақылау бойынша халықаралық комитетінің (БҰҰ ЕББХК) ұсынымдары келіп түскен кезде; 4 07.10.2022 ЭҚАБЖ МО (7.23.0 нұсқасы)

– Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімдерде, тізбелерде, кестелерінде заттар болған кезде», – деп жазылған жауапта.

Ведомство басшысының мәліметі бойынша, осы шаруаны соңына дейін жеткізу үшін Қазақстан тарапы мәселені БҰҰ Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетінің деңгейінде көтеріп жатыр.

«Осыған байланысты, ІІМ СІМ-нің дипломатиялық арналары арқылы БҰҰ ЕББХК тиісті хат жолдады (көшірмесі қоса беріледі), оны қарау мерзімі, әдетте, бірнеше айдан бір жылға дейін созылады», – деп жазады Ажар Ғиният.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: