Жұма, 31 мамыр, 00:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42-2052
28.05.2024
PDF мұрағаты

Іштің күйіп ауыруы. Қыжылдан қалай жылдам арылуға болады?

31.12.2022

648 0

Қыжыл – асқазан-ішек жолы аурулары кезінде және кей өнімдер мен алкоголь, сондай-ақ дәрі-дәрмектер ішкеннен кейін пайда болатын проблема. Қыжыл кезінде ішіңіздің жоғарғы тұсы және кеуде тұсы күйіп ауырады, жүрегіңіз айнуы мүмкін, ішіңізден ауырлық сезінесіз және қозғалғанда ол одан сайын ауырады. Қыжылды қалай жылдам жеңуге болады?

Түймедақ – қыжылды басатын жақсы құрал. Оның құрамында қабынуға қарсы әсерге ие терпеноидтар мен флавоноидтар бар. Түймедақ шайы асқазан-ішек жолын тыныштандырады және іштің ауырғанын басады.

Сағыз шайнаңыз

Егер қыжылмен жиі қиналсаңыз, өзіңізбен бірге сағыз ұстап жүруге тырысыңыз. Сағыз өңештегі қышқылдықты жылдам қалыпқа келтіреді. Сондай-ақ сағыз сілекейдің көп бөлінуіне ықпал етеді, ал ол асқазан сөлінің өңеш қабырғасына әсерін бейтараптандыруға көмектеседі. Бірақ сағыздың қанты жоқ және бейтарап дәмі бар түрін таңдаған дұрыс.

Банан жеңіз

Қыжыл кезінде бір піскен банан жеп жіберуге болады. Ол жағымсыз белгілерден арылуға көмектеседі. Бананда калий көп, бұл оны сілтілі жеміс етеді. Бұл микроэлемент өңештегі асқазан сөлін бейтараптандыруға көмектеседі.

Сілтілі су ішіңіз

Қышқылды рефлюксті емдеу кезінде pH 8,8 сілтілі суы тиімді қосымша құрал болып табылады. Тамақты қорытуға қажетті асқазан сөлі құрамында ақуыздарды ыдыратуға көмектесетін пепсин ферменті бар. Қыжыл кезінде ол асқазан құрамымен бірге өңешке түседі: бұл кезде ол шырышты қабықшаны зақымдайды. Ал сілтілі су осы пепсинді белсенді емес ету арқылы қыжыл белгілерін төмендетеді. Сілтілі суды дәріханадан және дүкеннен алуға болады.

Белдікті шешіңіз және кең тұратын киім киіңіз

Қыжыл кезіндегі жағымсыз белгілерді азайту үшін белдігіңізді босатыңыз. Себебі белді қысып тұратын аксессуарлар асқазанға күш түсіріп, қыжылдың пайда болу қаупін арттырады немесе оның белгілерін күшейтуі мүмкін.

Тамақтанғаннан кейін бірден жатпаңыз

Кей адамдар кешкі ас ішіп алып, бірден жата қалып, фильм көреді немесе кітап оқиды. Бірақ сізді жиі қыжыл мазалайтын болса, бұл әдеттен арылған жөн. Жату қыжыл белгілерін ушықтырып жібереді. Сондықтан тамақтанған соң жаяу жүріспен серуендеп келіңіз немесе үйдің ішінде ұсақ-түйек шаруаларыңызды аяқтаңыз.

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: