Сенбі, 20 сәуiр, 13:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

МӘМС мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру тобы облыс тұрғындарымен кездесті

14.11.2022

437 0

Байқоңыр қаласында, Қазалы және Арал аудандарында МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтар саны артты. Аталған елді мекендерде халықтың Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – ӘМСҚ) филиалының, облыстық денсаулық сақтау басқармаларының, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, жергілікті атқарушы органдардың басшылығымен кездесулері өтті.

Байқоңыр қаласында ҚР-ның 13 мыңға жуық азаматы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған. Көбіне бір жыл ішінде төлем жасамаған тұрғындар. Сондай-ақ, МӘМС жүйесінен тыс Ресей Федерациясының ұйымдарында жұмыс істеген және РФ заңнамасына сәйкес зейнетке шыққан 3 мыңға жуық зейнеткер бар. Тиісінше, аталған азаматтар жеңілдікті санатқа кірмейді және МӘМС жарналарын дербес төлеушілер ретінде төлейді, деп хабарлады кездесуде ӘМСҚ облыстық филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.
Қазалы ауданында 11 мыңға жуық сақтандырылмаған азамат бар. Осындай көрсеткіш Арал ауданында да. Бұл елді мекендерде тұрғындардың көпшілігі 12 ай ішінде МӘМС үшін төлем жасамады. Олардың қатарында жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелмеген жұмыс істемейтін азаматтар да бар.
Бақыт Исмаханбетов атап өткендей, жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар МӘМС жарналарын мемлекет төлейтін азаматтардың 15 жеңілдетілген санатының қатарына кіреді (толығырақ – https://fms.kz/kz/o-medstrakhovanii/infografika/34500/).
ӘМСҚ филиалы директорының айтуынша, облыста МӘМС жүйесінен тыс 130 мыңға жуық тұрғын бар, қызылордалықтардың 83% – ы сақтандырылған. Бұл деңгейді 85% – ға дейін көтеру міндеті қойылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру мақсатында дербес төлеушілер үшін МӘМС – ке төлеудің баламалы тетігі – алдағы 12 ай үшін төлем жасауға болады. Ай сайын – 3 000 теңге. Бұл жыл бойына сақтандырылуға мүмкіндік береді. Төлемнің тағы бір тәсілі – бірыңғай жиынтық төлем. Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін БЖТ-дің мөлшері 2022 жылы 3 063 теңгені құрайды. Басқа елді мекендерде тұратындарға – 1 531,5 теңге. «Сақтандырылған» мәртебесі БЖТ тұрақты төлемдерінің үш айынан кейін беріледі.
МӘМС жүйесінің осы және басқа да ерекшеліктері азаматтарды қабылдау барысында толығырақ түсіндірілді.
15 қарашада ақпараттық-түсіндіру тобы Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарының тұрғындарымен кездесулер өткізеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: