Жұма, 29 наурыз, 19:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Облыстық СЭБД кеңейтілген мәжіліс өткізді

27.01.2023

583 0

Бүгін Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде 2022 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген мәжіліс болып өтті. Оған Департаменттің барлық құрылымдық бөлімшелері мен қалалық, аудандық басқармаларының басшылары мен «Ұлттық сараптама орталығы» облыстық филиал басшылығы қатысты.

Мәжіліске Департамент басшысы Динара Жанабергенова төрағалық етіп, күн тәртібінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету саласындағы өзекті мәселелер, өткен жылы атқарылған жұмыс қорытындылары мен 2023 жылға арналған міндеттер, басым бағыттар талқыланды. Бірінші болып инфекциялық, паразиттік және аса қауіпті инфекциялардың эпидемиологиялық ахуалы сөз болды.

Департамент басшысының орынбасары Ә. Әбдіқайымова өз баяндамасында бірқатар нозологиялыр бойынша аурушаңдық көрсеткіштерінің төмендегенін, сондай-ақ кей түрлері бойынша өсу тенденциясының байқалғандығын, оның себеп-салдарына тоқталды. Халықты иммундау шараларының іске асырылу барысын мәлімдеді.

Бұдан бөлек, құқықтық қамтамасыз ету мен орындаушылық тәртіптің өзекті мәселелері бойынша Департамент басшысының орынбасары Т. Сердалиев, облыс бойынша білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау және қадағалау сұрақтары бойынша бөлім басшысы А. Шуахбаева, персоналды басқару қызметі бойынша басымды индикаторлық көрсеткіштер мен оның орындалу барысы туралы бөлім басшысы Е. Шубенко баяндамалар жасаса, «Ұлттық сараптама орталығы» облыстық филиалының басшысы Ф. Қалиева жүргізілген лабораториялық зерттеулер тақырыбы бойынша жұмыс барысын баяндады.

Мәжіліс соңында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар нақты тапсырмалар беріліп, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу бойынша іс-шараларды күшейту тапсырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: