Жұма, 26 сәуiр, 12:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қайта бейімделген орталық емхана бірнеше емдеу мекемесіндегі орын тапшылығын жояды

23.01.2022

597 0

Өңірдегі демографиялық өсімнің артуынан емханаға келуші азаматтардың саны көбейіп, орын тапшылығы мәселесі туындап келеді. Бұл ретте емделушілер үшін емхананың қолжетімділігі маңызды. Қызылорда қаласындағы емханалардың жүктемесін төмендету және тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында бұрынғы облыстық наркология орталығының ғимараты «Орталық емхана» болып қайта бейімделді. Бұл үшін демеушілердің көмегімен ғимаратқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті жаңа жиһаздар мен медициналық-құрал-саймандарымен жабдықталды. Емхана ақпан айында жұмысын бастайды деп жоспарлануда.

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қайта бейімделген емхананың жұмыс барысын саралап, алдын-ала дайындық жұмыстарын көрді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов жаңа емхана бірнеше емдеу мекемелеріндегі орын тапшылығын азайтуға мүмкіндік беретінін жеткізді. Яғни №1, №3, №6 емханаларда тіркелген бірқатар азаматтар осында қаралуға мүмкіндік алады. Мұнда барлығы 30 мың адамға қызмет көрсетіледі.

Аймақ басшысы халыққа сапалы қызмет көрсетуде денсаулық сақтау мекемелерінің жүйесін оңтайландыру маңызды екенін тілге тиек етіп, мұндай тиімді шешім арқылы тұрғындардың қажетті емді жақын жерден алуына мүмкіндік беретінін жеткізді. Сондай-ақ, емхананы қайта бейімдеу ісіне қолдау білдірген жанашыр кәсіпкерлерге алғыс айтты.

Орталық емхана 18 дәрігерлік аймақтан тұрады. Мұнда 18 жалпы тәжірибелік дәрігер, 54 орта медициналық қызметкер және арнайы мамандар еңбек етеді.

Алдағы уақытта емдеу мекемесін рентген, флюорография, ультрадыбыстық зерттеу (УЗИ) аппараттарымен және санитарлық автокөліктермен қосымша қамту жоспарлануда.

©Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: