Сейсенбі, 26 қараша, 14:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қаназдық қауіпті ме?

07.02.2023

640 0

Сурет: zdravbud.net

Бүгінде кең тараған ауру түрлерінің арасында қаназдық жиі айтылады. Оның белгісін адамның өңінен-ақ аңғару қиын емес. Тек оған аса мән бермейміз. Білген күннің өзінде оған бей-жай қараймыз. Салдарының қаншалықты ауыр екенін аңғармаймыз.

Негізінен қан­аздық өзді­гі­нен сырқат санал­­майды. Алайда оған ұшы­раған науқас­та түрлі аурудың белгі­лері байқалады. Дәрігерлер кез келген аурудың алдын алу керектігін жиі айтады.

Қазір кеңінен етек алып бара жатқан бұл аурудың негізгі себе­бі – қан құрамындағы эритроциттердің азайып, темірлі нәруызды құрайтын гемоглабиннің төмендеуі. Дәрігерлер көп қан кету, түрлі ауру әсерінен эритроциттердің тіршілігін жоюы, темір жетіспеушілік салдары да қандағы зат алмасу процесінің бұзылуына әкелетінін айтады. Мұндай сәтте ағзадағы қан сұйылып, жүрек соғысы жиілейді әрі оған күш түсіреді. Ал бұған жол бермес үшін алдымен тағамның рационына баса назар аударған жөн. Сондай-ақ түрлі дәрумендерді ішкен дұрыс. Осы орайда  қаладағы Q-med емханасының терапевт-дәрігері Ұлжан Маратқызы қазіргі кезде халықтың басым көпшілігінде қаназдық белгісі барын айтады.

– Ағзадағы барлық жасушаларға қоректік заттар мен оттегі қан арқылы қамтамасыз етіледі. Ол ағзада тасымалдау, реттеу, ас қорыту, тыныс алу, қорғаныш сынды қызметті атқарады. Ал оның құрамындағы эритроциттің бұзылысы қаназдықты (анемия) тудырады. Мұндай сәтте адам әлсіз, тез шаршағыш болады. Тері бозарып, тістегі қызыл иектің, тырнақ етінің ағаруы байқалады. Ал оның ауыр түрінде жүрек соғысы жиілеп, аяқта ісіну, демігу көрініс береді. Сондай-ақ кей науқастар топырақ, кесек жеуге құмар. Бұл қаназдықтың белгісі. Әсіресе ол аяғы ауыр әйелдерге тән. Өкінішке қарай көбіміз бұған баса мән бермейміз. Қаназдық екенін білсе де қажетті дәруменді тұтынбай жүре беретіндер бар. Оның соңы өте қиын жағдайға әкеп соғады. Қаназдық көп ауруды туғызушы фактор, – дейді маман.

Иә, расымен оған көбіміз жеңіл қарайтынымыз бар.

Қаназдық қазір балалар арасында да жиі байқалады. Әсіресе 3 жасқа дейінгі бүлдіршіндерде көп кездеседі екен. Оған, әрине, жүкті кездегі ананың дұрыс тамақтанбауы, темірге бай тағамды аз тұтынуы, дәрумендер қабылдамауы әсері ететіні анық. Десек те жаңа босанған келіншек өзімен бірге сәби денсаулығына да ерекше ден қойғаны дұрыс. Бұл ретте маман балаға ана сүтінен бөлек қосымша тағам берудің де қажет екенін жеткізді.

Әрине, барлығымыз бірдей бірінші байлықтың қамын ойласақ, кез келген дерттің алдын алуға болар еді. Қаназдықтың салдары сан соқтырмасын десек, салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтануды қолға алған абзал. Әсіресе, болашақ ана ұрпағының саулығын бүгінгі күннен қамдауы тиіс.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: