Дүйсенбі, 06 мамыр, 17:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандағы коронавирус: 1 444 адамның жағдайы ауыр

26.07.2021

650 0

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын жұқтырғандар туралы 2021 жылғы 26 шілдедегі ақпаратты жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

26 шілдедегі мәлімет бойынша 83 084 адам коронавирус инфекциясынан (81 077 КВИ+ және 2 007 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  • 23 868 пациент стационарда,
  • 59 216 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

  • 1 444 адамның жағдайы ауыр,
  • 304 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 183 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Сонымен қатар, COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК 2021 жылғы 26 шілдедегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмония туралы ақпаратты жариялады.

«24.07.2021 ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 84 жағдайы және 20 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 83 адам емделіп шықты. 13 наурыздан 2020 ж. барлығы: ауырғандар – 59 671, 3 625 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар саны 54 039-ға жетті», – деп хабарлады комиссия өкілдері.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: