Бейсенбі, 28 наурыз, 21:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада жыл басынан бері 680 бала шала туған

17.11.2022

429 0

17 қарашада әлемде Халықаралық шала туған балалар күні атап өтіледі. Ол 2009 жылы жаңа туған балаларды күту жөніндегі Еуропалық қордың бастамасымен қабылданды.

Қазіргі кезде ерте босану қоғамдық проблема болып қала беруде. Сол себепті, ата-аналарға орталықтың психолог маманымен психологиялық қолдау жүргізілуде.

Соңғы жылдары нәрестелердің мерзімінен бұрын туылуының тұрақты өсуі байқалады. Облыстық перинаталдық орталығында 2022 жылдың 11 айында 9484 нәресте туылса, оның ішінде 680 шала туған балалар.

Шала туған нәрестелердің өмір сүру сапасы жоғарылату үшін, қазіргі заман талабына сай орталықтың дәрігерлері мен мейірбикелері тәжірибе алмасу, кәсіби біліктілігін жоғарылату мақсатында алыс-жақын шет елдерде оқытылды. Сонымен қатар дәрігер неонатологтар ішінен офтальмолог, невропатолог, кардиолог мамандары қайта даярланды.

Өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында орталықта көптеген құрал-жабдықтар, атап айтсақ нәрестелерге емдік гипотермия жасауға арналған «TecoTherm Neo», көз көру қабілетін анықтайтын «Retcam Shuttel» аппаратары алынып, шала туылған нәрестелерді көктамыр ішілік тамақтандыруға арналған мөлшерлемелік аппарат – «компаундер» орнатылды.

Шала туылған нәрестелердің өкпесін жетілдіру мақсатында сурфактант-орынбасушылық ем және инвазивті емес өкпені жасанды желдендіру емі нәтижелі қолданылуда. Статистикаға сүйенсек, 2021 жылы офтальмолог дәрігерімен «Retcam Shuttel» аппаратымен тексерілген қауіп тобындағы 321 нәрестенің 56-сынан патология анықталып, оның ішінде 16 нәресте ота жасауға Алматы қаласына ауыстырылды.

Сонымен бірге, жүрек және асқазан-ішек жолдарының туа біткен ақаулары бар нәрестелерді республикалық санавиация желісі арқылы Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы ғылыми-зерттеу орталықтарына аудару мәселесі жолға қойылған.

Шала туылғаннан нәрестенің дене салмағы экстремальды төмен болады, сол себепті алғашқы секундтан қамқорлық жасап, олардың дене жылуын сақтау маңызды. Біздің орталық шала туылған нәрестелерге қажетті тоқыма бұйымдарын әзірлейтін «28 ілмек» қайырымдылық ұйымымен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп келеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: