Жұма, 29 наурыз, 13:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында эхинококкоз көрсеткіштері азайды

07.03.2023

771 0

Эхинококкоз – паразитарлық індет. Эхинококк жұмыртқаларын тасымалдаушылар – иттер, үй жануарлары, кеміргіштер және жәндіктер болып табылады. Адам қарапайым санитариялық гигиеналық қағидаларды сақтамауы салдарынан инфецияны жұқтыруы ықтимал. Эхинококкоздың едәуір бөлігі созылмалы түріне ауысуына байланысты мүгедектікке, асқынған жағдайда тіпті өліммен аяқталуы мүмкін.
Қызылорда облысында 2022 жылы эхинококкоз ауруының 25 дерегі тіркеліп, 2021 жылмен салыстырғанда 2 жағдайға төмендегені байқалды. Балалардың үлес салмағы 28%-ті құрады. Анықталған аурулардың 76% –бауыр эхинококкозы. Соңғы үш жылда эхинококкоз бойынша өлім-жітім жағдайлары тіркелген жоқ. 2022 жылы тәуекел тобындағы 38 адам, яғни жануарлармен жұмыс жасайтын адамдар – ветеринария мамандары, мал сою цехтарының жұмысшылары, қасапшылар тексерумен қамтылып, ауруға оң нәтижелер анықталған жоқ.
Өткен жылы эхинококкоздың 28 ошағы есепке алынып, қарым-қатынаста болған 71 адам тексерілді, нәтижесінде 3 адамнан оң нәтиже анықталды. Барлық ошақтарда эпизоотологиялық-эпидемиологиялық жұмыстар ветеринариялық бақылау саласы мамандарымен бірлесіп жүргізілді. Ауру ошақтарынан жемістер мен көкөністердің 80 үлгісі, топырақтың 49 үлгісі және шайындының 415 сынамасы алынып, оң нәтижелер анықталған жоқ.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті паразиттерді жұқтырып алмас үшін бірнеше ережелерді сақтауға кеңес береді:

  • қарапайым жеке бас гигиенасын орындау, көшеден келгеннен кейін, тамақтанар алдында, ақшамен, жануарлармен жанасқаннан кейін қолды сабындап жуу;
  • қаңғыбас иттерге жақындамау, үй жануары бар болса жүйелі түрде ветеринарлық клиникаға тексертіп отыру. Міндетті түрде жануарды дегельминтизациялаудан өткізіп отыру.
  • көкөністер мен жеміс-жидектерді, тіпті өз бақшаңыздан алынған болса да мұқият жуу;
  • егер қауіпсіздігіне күмәндансаңыз суды ішпеу, сондай-ақ ондай суды ас дайындау үшін пайдаланбау;
  • тағамға тек термиялық өңдеуден өткен өнімдерді пайдалану;
  • асүйді шыбын-шіркейден таза ұстау. Мысалы, терезелерге қорғаныш тор бекіту, дайын тағамдардың бетін жауып қою;
  • балық және ет тағамдарын әзірлеу қағидаларын сақтау;
  • аурудың белгілері байқалған болса, дәрігер көмегіне жүгіну.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жанабергенова

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: