Сейсенбі, 27 ақпан, 16:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17 (2027)
27.02.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда қаласында Конго-қырым қанды безгегінің 11 ошағы анықталды

20.04.2022

375 0

Бүгін Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ерлан Ұзақбаевтың қатысуымен өткен брифингте Қызылорда қаласында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының эпидемиологиялық ахуалы және алдын алуда атқарылатын шаралар туралы ақпарат берілді.

Биыл қала бойынша конго-қырым геморрагиялық қызбасы ауруының қолайсыз аймақтары ретінде 11 ошақ есепке алынды. Олар: Қызылорда қаласы («КБИ» аймағы), Тасбөгет кенті, Белкөл кенті («Көкжиде» аймағы), Абай, Баймұрат-Ақжарма, Досан, Ж.Махамбетов, Иіркөл, Қарауылтөбе, Талсуат елді-мекендерінде және Қараөзек станциясы. Осыған байланысты кезекті эпидемиялық маусымда 14 сәуірден бастап аурушаңдықтың алдын алу мақсатында залалсыздандыру жұмыстары басталды.

Кенеге қарсы дезинсекциялау 2 рет кезеңмен ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» Қызылорда облысы бойынша филиалы және «Satti tulik» ЖШС мекемесімен атқарылады.

«Биыл эпидемиялық маусымында кенеге қарсы дезинфекция жұмыстары алдында жүргізілген энтомологиялық барлау барысында Иіркөл, Тасбөгет, Белкөл қолайсыз аймақтарда табиғаттан және ауыл шаруашылық малдарынан серопозитивті кенелер анықталып отыр. Осы орайда, көктемгі эпидмаусымда барынша сақтық шараларын қатаң сақтауымыз керек. Кене малдың үстінде болатындығын ескере отырып, малды алдын ала ерте көктемде кенеге қарсы егіп, мал қорада кенеге қарсы улау жұмыстарын жүргізу керек және мал күтімімен айналысу барысында бөлек арнайы киім пайдалану қажет», – деді басқарма басшысы.

Айта кету керек, былтырғы жылы Қызылорда қаласында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алғашқы диагнозымен 6 жағдайы тіркелген. Оның 4 жағдайы клиникалық және зертханалық расталды. Жүргізілген эпидемиологиялық тексеріп-зерттеу қорытындысымен расталған жағдайлардың екеуі жеке шаруашылығында ауылшаруашылық мал бастарын бағып-асыраса, қалған екеуі далалықтағы бақшада және кірпіш зауытында жұмыс жасайтындығы және барлық науқастар өз ауруларын кене шағумен байланыстырғандығы анықталды. Ал биылғы жылы эпидемиялық мерзім басталғаннан бастап бүгінгі күнге дейін ауру белгілері тіркелмеген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: