Сенбі, 18 мамыр, 09:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда тұрғындары арасында су факторына байланысты аурушаңдық  тіркелген  жоқ

27.07.2022

845 0

Бүгінгі таңда Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қадағалауында 205 сумен жабдықтау объектісі бар, оның ішінде: 171 орталықтандырылған жүйелердің су құбырлары және 34  орталықтандырылмаған сумен жабдықтау объектілері.

Қызылорда облысы тұрғындарының 97,8%-і орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген, орталықтандырылмаған сумен 2,1% қамтылса, тасымалды ауыз суды 0,1%  пайдаланады.

2022 жылдың І-жартыжылдығында 171 орталықтандырылған  сумен жабдықтау объектісінің 64%-і тексерумен қамтылды, оның ішінде 94 объекті ерекше тәртіп, 15 объекті жоспардан тыс-ұйғарымның орындалуы бойынша тексерілді.

Ағымдағы жылдың 6 айында орталықтандырылған сумен жабдықтау объектілерінен микробиологиялық көрсеткіштерін тексеруге 424 су сынамасы алынып, оның 87-сі талаптарға сәйкес келмеді, сай келмейтін сынамалардың үлес салмағы – 20,5%-ті құрады. Талаптарға сай келмейтін су сынамалары Қазалы, Қармақшы, Жаңақорған аудандарынан анықталды.

Ауыз судың санитарлық-химиялық көрсеткіштеріне 362 сынама алынып, оның 55-де сәйкессіздік анықталды. Сай келмейтін сынамалардың үлес салмағы  15%  құрады. Талаптарға сай келмейтін су сынамалары Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі аудандарынан және Қызылорда қаласынан анықталды. Санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздіктер – су құрамындағы сульфаттардың, кермектілігі, құрғақ қалдықтар мен хлоридтердің нормадан жоғары екендігі анықталды.

Орын алған кемшіліктер және ерекше тәртіп тексерулерінің қорытындысы бойынша 1 301 775 теңге көлемінде 15 айыппұл салынды, 6 санитариялық нұсқама берілді.

Облыс көлеміндегі барлық 171 орталықтандырылған  сумен жабдықтау объектілерінде көктемгі жуып тазалау және дезинфекциялау жұмыстары толығымен жүргізілді. Талапқа сай болмаған объектілерден қайтадан ауыз су сынамалары алынып, сәйкессіздіктер анықталмады. Халық арасында су факторына байланысты аурушаңдық  тіркелген  жоқ.

Қызылорда облыстық санитариялық эпидемиологиялық басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: