Жұма, 19 сәуiр, 21:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада 62 мыңға жуық тұрғын «Prizer» екпесін қабылдады

28.02.2022

556 0

 Қызылорда облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясына байланысты жаңа жағдай тіркелген жоқ. Сондай-ақ, 136 мыңнан астам облыс тұрғыны ревакцинациядан өтті. Ал «PFIZER» вакцинасын 61 988 адам қабылдады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шаймбетов хабарлады.

«Өңірдегі эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді. Қазіргі таңда инфекциялық стационарда – 25 азамат, ал жансақтау бөлімінде – 9 науқас емделуде. Сонымен қатар, вакцинаның І-ші компонентін алғандар 94 пайызды, ІІ-ші компонентімен 92 пайыз қамтылды. «PFIZER» екпесін салдырғандар 63 пайызды құрады. Облыстағы барлық емханаларда ревакцинация жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде», – деді Жангелді Шаймбетов.

Соңғы уақытта аурушаңдық көрсеткіші 7 есеге төмендеген. Бүгінде облыстағы белсенді ошақтар саны – 51, ал ұжымдық ошақ саны – 10-ды құрады.

«Қазіргі таңда облыс тұрғындары індетке қарсы вакцинаны жүкті әйелдер және жасөспірімдер белсенді түрде салдыруда. Коронавируспен ауырған азамат 6 ай мерзімнен кейін ревакцинациядан өтуіне болады. Сонымен қатар, екпемен қамтылғандар арасында медицина қызметкерлері, мұғалімдер және күш құрылымдары көш бастап тұр. Облыс бойынша індетке қарсы иммундау науқанына 106 екпе кабинеті қамтылған. Қазіргі таңда, тұрғындарды вакцинациялау науқаны «Qazvac», «Sinovac», «Pfizer» екпелерімен жүргізілуде», – деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Әлия Ыдырысова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: