Дүйсенбі, 17 маусым, 16:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47-2057
15.06.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада кәсіби аурулар мен уланулар тіркелген жоқ

24.08.2022

944 0

Жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсарту, өнеркәсіптік кәсіпорындарда кәсіптік аурулар мен уланулардың алдын алу мақсатында Қызылорда облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның аумақтық басқармалары тұрақты негізде зиянды өндірістерде жұмыс істейтін жұмысшылардың еңбек жағдайларына мониторинг жүргізеді.

2022 жыл басынан бері Департамент және оның аумақтық басқармаларының мамандары өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарына 53 тексеру жүргізді. Олардың барлығы зертханалық-аспаптық зерттеулермен жүзеге асырылды.

Облыстың өнеркәсіп объектілерінде тексерілген 429 жұмыс орнының 16,7% – ы санитариялық нормативтерге сәйкес болмай шықты. Атап айтқанда, жарықтандыру деңгейіне тексерілген 171 жұмыс орнының 66-сы талапқа сай болмады. Шу деңгейіне 87 жұмыс орны тексерілді, оның 10-ы белгіленген қағидаларға жауап бермеді. Дірілге тексерілген 9 жұмыс орнынан сәйкессіздіктер анықталған жоқ. ЭМӨ-ге 213 жұмыс орны тексеріліп, 2 сәйкессіздік анықталды.  

Жоспарлы тексерулерді жүргізу барысында медициналық қарап-тексерулер жүргізу мәселелері, әсіресе контингенттердің дұрыс  іріктелуі мен толықтығы, қорытынды актілердің болуы және жұмыс берушінің  ұсынымдарды орындауы міндетті түрде бақыланады.

Қызылорда облысында 2022 жылдың 1 жартыжылдығында өнеркәсіп, көлік, құрылыс объектілерінде және мұнай өндіру объектілерінде 10108 адам жұмыс істеді, соның ішінде медициналық тексеруге жататындарының саны 9776 адам. Медициналық тексерумен барлығы 9445 адам немесе 96,6% қамтылды.

Қорытынды актінің ұсынымдарын орындамау бөлігінде тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына сәйкес 2 айыппұл салынды, 2 нұсқама берілді.

2022 жылдың 6 айында кәсіби уланулар мен аурулар тіркелген жоқ. Соңғы жылдары жұмысшыларды арнайы киіммен және зиянды өндірістік факторлардың әсерінен қорғайтын басқа да жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету деңгейі айтарлықтай жақсарғанын атап өткен жөн. Кәсіпорындардың көпшілігінде жеке кір жуатын орындарда немесе мамандандырылған ұйымдарда арнайы киімді орталықтандырылған жууды ұйымдастыру мәселесі оңтайлы шешілген.

Сондай-ақ, Қызылорда облысының кәсіпорындарынан еңбек жағдайларын өндірістік зертханалық бақылау деректерін жыл сайын жинақтау жүйесі ұйымдастырылды, бұл облыс кәсіпорындарындағы еңбек жағдайларына талдау жүргізуге мүмкіндік береді.

Еңбек және жұмыскерлер қауіпсіздігі – мықты өндірістің кепілі.

Қызылорда облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: